Локомотив құрастырудың қазақстандық үлгісі

Трансформация
24.04.2026, 08:48
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада өтіп жатқан ТЖЫҰ Бас директорлары конференциясының XL отырысы аясында шетелдік теміржол әкімшіліктерінің өкілдері Alstom (ЭҚЗ) және Wabtec (ЛҚЗ) зауыттарына барып, қазақстандық локомотив құрастыру үдерісімен танысты.

Alstom – Орталық Азия мен Кавказдағы электровоздардың жалғыз өндірушісі. Қазақстанда компания төрт қаладағы жеті өндірістік және сервистік алаңнан тұратын кешенді желіні басқарады. Бүгінгі таңда компания Қазақстан темір жолы және Әзербайжан темір жолдары үшін 450-ден астам электровоз өндірді. Бұл локомотивтер бүкіл өңірде табысты пайдаланылып, жергілікті өндірілген жылжымалы құрамның сенімділігі мен жоғары сапасын дәлелдеп келеді.  

Альстом мамандары ағымдағы инвестициялық бағдарлама аясында 2025 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында жаңа сервистік депо ашылып, техникалық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі арттырылғанын атап өтті. Сонымен қатар Астана қаласында озық сигнализация технологиялары бойынша Құзыреттер орталығы іске қосылған, ол өз кезегінде цифрлық және сигнал беру шешімдерін жерсіндіруге ықпал етіп отыр екен.  

– Alstom мен Қазақстан арасындағы әріптестік индустрияландырудың, жаңа жұмыс орындарын құрудың, технология трансферінің және ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады. Бұл өз кезегінде еліміздің Еуразиядағы көлік және инженерлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтады, – деді Альстом компаниясы басқарма төрағасының жылжымалы құрам бойынша орынбасары Лоран Базин.  

Бұдан кейін ТЖЫҰ Бас директорлары конференциясы отырысына қатысушылар Wabtec зауытындағы тепловоз құрастыратын өндіріс орындарын аралады.  

Соңғы 27 жылда Wabtec компаниясы Қазақстанда жасалған жаңа және жаңғыртылған 1000 тепловозға толыққанды қызмет көрсетіп келеді. Локомотив құрастыру зауыты қабырғасынан ҚТЖ компаниясы мен экспорттық нарықтарды қоса алғанда, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Украина, Түркіменстан, Молдова, Моңғолия үшін 700 астам локомотив жасап шығарылған. Ауыр машиналарды шығару ісімен 700 адам айналысса, оның ішінде инженерлік құрамдағы 50 қызметкер Америкада оқытудан өткен.  

Wabtec мамандарының айтуынша, тепловоздарға пайдаланылатын бөлшек-тетіктердің 40 пайызы жерсіндірілген. Компания локомотив құрастыру зауытында Trip Optimizer және KINETIX сынды цифрлық шешімдерді енгізіп, жұмыс технологиясын жеңілдетуге атсалысып келеді.  

Зауыттың 8 сервистік орталығы және Қазақстанмен қатар ТМДның барлық аймағына қызмет көрсететін сертификатталған техникалық персоналдары бар. Зауыт GEVO12 дизельдік қозғалтқыштары мен локомотивтің басқа да компоненттеріне күрделі жөндеу жүргізеді. Сонымен қатар көршілес электровоз құрастыру зауыты үшін оларға қажетті бөлшектерді шығару ісімен айналысады.  

Мәртебелі меймандар зауыттың әр цехын аралап, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алды.  

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды