Кіріс көзі - клиентке қолайлы сервис

Трансформация
04.09.2020, 10:33
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы шеңберінде компанияның еншілес ұйымдарында аса маңызды әрі тиімді жобалар жүзеге асырылуда. Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етіп отырған сондай ұтымды жобалар легін «KTZ Express» АҚ күнделікті жұмыс барысында қолданып отыр.

Мәселен, акционерлік қоғам өзінің жекеменшік рефрижераторлық контейнерлерінде азық-түлік тасымалын ұйымдастыру бойынша көліктік-логистикалық жобаны іске қосып, нәтижесінде агроөнеркәсіптік жүктерді импорттық және экспорттық қатынаста үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Айта кетсек, компания алғаш рет рефрижераторлық контейнерлерінде қатырылып мұздатылған ет өнімдерін Ақтөбе – ҚХР провинциясы бағдары бойынша экспорттық қатынаста жөнелтуді ұйымдастыруға осы жылдың мамырында шарт жасасқан болатын. Жүк жеті күнде жеткізіледі, тасымал барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен ветеринарлық бақылаудың, сондай-ақ, температуралық режимнің сақталуына үнемі мониторинг жасалып отырады. Сонымен қатар EurasianLogistics LTD компаниясымен бірлесе Грузиядан Қазақстанға он бес күн ішінде мұздатылып қатырылған тауық өнімдерін тасымалдау тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Биыл бұл бағытта 519 рефрижераторлық контейнер тасымалданған.

«Қазақстандық агроөнеркәсіп секторының өнімдерін Қытайға экспорттау ҚХР елімен сыртқы сауда қатынасы саласындағы перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Ал теміржол сервисі мұндай өнімдердің жеткізілу мерзімін теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда анағұрлым қысқарта түседі. Компания осы ретте, рефрижераторлық контейнерлерде мұздатып қатырылған тауық және ет өнімдерін жеткізіп беруге мүмкіндік беретін сервиске сұраныстың артып келе жатқанын көріп отыр. Сондықтан бұл мүмкіндікті дер кезінде тиімді пайдалану компания үшін маңызды. Ал келешек жоспарына келсек, алдағы уақытта Қазақстан–Қытай бағдары бойынша рефрижераторлық контейнерлерде тұрақты тасымалды айына 20 контейнерге дейін жеткізу жоспарда бар», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Бизнесті трансформациялау орталығының өкілі Назым Зарлықанова.

Оның айтуынша, «салқын пойыздарда» тасымалдарды ұйымдастыру компанияның кірісін арттыру және бизнес-процестерін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізуге бағытталып отыр.

«Цифрлық трансформация» бағдарламасы аясында «KTZ Express» АҚ жүзеге асыра бастаған келесі жоба – LCL құрама жүк тасымалы сынды жаңа қызмет түріне арналып отыр. «LCL-тасымал» немесе толық атауы LessthanContainerLoad деп аталатын бұл қызмет түрі жүк қабылдап алушыға аса үлкен емес жүкті және тауарлар партиясын жеткізу барысында толық бір контейнерге емес, жалпы контейнерде бір орынды меншіктеп алып, сол орынға ғана төлем жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл аз партияны аз шығынмен жүк тасымалын ұйымдастыруға, сондай-ақ, кәсіпкерлердің басым бөлігінің өз тауарларын жеткізіп алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда компания Қытай – Қазақстан бағдары бойынша LCL-тасымал қызметін қарқынды дамытуда. Нәтижесі де жоқ емес, бүгінгі күнде бұл жоба іске қосылғаннан бері 4 құрама LCLконтейнері Қытай – Қазақстан және Қытай – Өзбекстан бағдарлары бойынша жөнелтілген. Ал осы жылдың соңына дейін компания бағдарлар бойынша тасымал географиясын кеңейте отырып, яғни ҚХР – Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына және ҚХР – Грузияның Поти портына 15-тен астам LCLконтейнерлер тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады