2023 жылдың 10 айында Құрық теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 15% жоғары. 

Оның ішінде 1,2 млн тоннадан астамы портқа темір жол көлігімен жеткізілді. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17% құрады.

Порт 600-ге жуық паромды, 16,5 мыңнан астам вагонды, 23,6-дан астам жүк және жеңіл автокөлік құралдарын өңдеді.  

Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және т.б. тасымалданады. 

Импортты азық-түлік, өндірістік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да жүктер құрайды. 

Порт арқылы транзитпен жабдық, электроника, тоқыма, химия өнеркәсібі өнімдері, металдан жасалған бұйымдар өтеді.