Ресейде мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін «Сапсан» және «Ласточка» пойыздарына үй жануарларымен бірге кіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«РТЖ» холдингі мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға көрсетілетін қызмет түрін кеңейтіп жатыр. Енді олар Ресей аумағында ұсақ үй жануарларын «Сапсан» және «Ласточка» пойыздарымен алып жүре алады. Бұл қызмет түрі тегін.
Ерекше күтімді қажет ететін жолаушылар үйде ұстайтын құстар мен кішкентай иттерді арнайы қораппен алып жүруі керек.