Швейцарияда ең ұзын жолаушылар пойызы рекорд орнатты

Әлемде
31.10.2022, 09:05
Оқуға 1 мин

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын жолаушылар пойызы жүріп, рекорд орнатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұзындығы 2 шақырымға созылған пойыз Ретий теміржолы бойындағы көрікті жерлердің бір бөлігін, атап айтқанда Альбул/Бернин бағытымен Предадан Бергенге дейін жүріп өтті.

Euronews-тің мәліметінше, 25 вагон тізбегін біріктіру арқылы Ретий теміржолының басшылары 175 жылдық мерейтойын атап өтуді әрі әлемдік рекорд орнатып, жергілікті халық пен шетелдік туристердің назарын аударуды жөн көрген. Эксперимент сәтті іске асты. Оның басты шарты пойызды жүргізген 6 машинистің бірдей іс-қимыл жасауы болды.

«Пандемия болған 2 жылда айналымның 30 пайызын жоғалттық. Сондықтан, өзіміздің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізілген керемет бағытымыз туралы адамдарды хабардар етудің ұтымды жолын іздестірдік», - дейді Ретий теміржолының бас директоры Ренато Фашиати.

Пойыз ұзындығы бағыт бойындағы ең ұзақ, доғал тоннельден (Ландвассер, 680 метр) 3 еседей артық болған. Вагондар құрамының осы тоннельден өткен сәті көрерменді қатты таңқалдырды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды