Жексенбіде Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам жапа шекті, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына (Сеулден 18 км қашықтықта орналасқан) бара жатқан.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған.

Болған оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылды.

Болған жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.