Ыстанбұлда Транскаспий көлік дәлізінің артықшылығы айтылды

Әлемде
19.04.2023, 10:28
Қазақстан теміржолшысы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамасымен Ыстанбұл қаласында ұйымдастырылған халықаралық көлік форумына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған жиында SIPA бағдарламасының аясында Орталық Азиядағы өңірлік жүк тасымалдарын зерттеу жөніндегі жаңа жобаның таныстырылымы мен іске қосу рәсімі өтті.

Қазақстандық делегацияны бастап барған ҚР ИИДМ Көлік саясаты және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Зейнолла Ахметжанов жүк тасымалы саласында балама бағыт ретінде қарастырылып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік маршрутының артықшылығы мен маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ З.Ахметжанов осы саланы ұзақмерзімді перспективада дамытуды көздейтін Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тұжырымдамасының қабылдануы туралы ақпаратты ерекше атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар - ЭЫДҰ халықаралық көлік форумының өкілдері логистика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы зерттеулерді іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үмітті екендерін жеткізді.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі