Үндістанда пойыздардың соқтығысуынан 300-дей адам мерт болды

Әлемде
05.06.2023, 15:16

Үндістанның шығысындағы Одиша штатында бірнеше пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 288 адамға дейін өсті. 900 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Шалимар-Коромандель» жүрдек пойызы 2 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында рельстен шықты, бұл ретте оның бірнеше вагоны «Есвантпур-Хаора» экспресі жүретін басқа жолға түсіп кетті. Қарсы бағытта жүріп келе жатқан пойыз әуелі осы вагондармен, содан кейін жолда тұрған тағы бір жүк пойызымен соқтығысқан.

Бұл - Үндістанда 1980 жылдардан бергі ең үлкен теміржол апаты. Жергілікті биліктің бағалауынша, құрбан болғандардың саны артуы мүмкін.

Апат болған жерге 200-ден астам жедел жәрдем көлігі келіп жетті, кезекшілікке қосымша 100-ден астам дәрігер жұмылдырылған.

Куәгерлердің айтуынша, тірі қалған жолаушылардың көпшілігі аударылған вагондарда қалған адамдарға көмекке келген. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, апат болған жерде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын және зардап шеккендер қажетті көмек алу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын хабарлады.

Үндістандағы ең үлкен теміржол апаты 1981 жылы Бихар штатындағы циклон кезінде болған. Ол кезде жолаушыларға лық толы пойыз өзенге құлап, кем дегенде 800 адам көз жұмған.

Euronews агенттігінің мәліметінше, Үндістандағы пойыздардың соғысуына электронды дабыл жүйесіндегі қателік себеп болған. Соның салдарынан пойыз жолды дұрыс ауыстырмаған.

Елдің Премьер-Министрі кінәлілер жазаға тартылатындығына уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта тергеу пойыз апатына кінәлілерді анықтап жатыр.

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты