25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Еуропаның қай елінде халық пойызды көп қолданады?

Әлемде
28.10.2023, 18:05
Сурет: Pexels
Қазақстан теміржолшысы

Бүгін Еуропаның қай елінде темір жол желісі жақсы дамығанын және халық пойызды жиі қолданатын елдер жайлы айтатын боламыз.

Айта кету керек, соңғы кезде Еуропа елдері энергияны үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау үшін халыққа жеке автокөлікті қолдануды азайтып, қоғамдық көлікпен жүруді кеңінен насихаттап жатыр. Бұл тұрғыда темір жол көліктерінің алар орны ерекше. Өйткені пойызбен жүру қауіпсіз әрі ыңғайлы.

Еуропадағы жолаушылар пойызының жүру жиілігі, сапасы өзге елдермен салыстырғанда жоғары екені белгілі. Ең жоғарғы көрсеткіштер Швейцария, Австрия, Франция және Швецияда тіркелген.  

Еуропада кімдер көп пойызбен жүреді? Жолаушылар ағынындағы пойыздардың үлесі қай елдерде жоғары? Ең жоғары теміржол тығыздығы қай жерде?  

Темір жол көлігінің дамуын бағалаудың әртүрлі көрсеткіші бар. Сондай тәсілдің бірі жолаушы-километр, бұл бір тұрғынға шаққандағы темір жолмен жүріп өткен орташа қашықтық.

Жалпы жолаушы айналымы республикалық және халықаралық жолаушылар айналымының қосындысына тең. Мұнда жолаушылардың азаматтығы ескерілмейді.

Халықаралық саяхат үшін жолаушы-километр деректері тек ұлттық желілерде жүріп өткен қашықтықты немесе басқаша айтқанда, белгілі бір ел ішінде орын алған сапардың сол бөлігін қамтиды.

Еуростаттың мәліметінше, халықаралық қозғалыс барлық теміржол пайдаланушылар арасындағы шетелдік туристердің маңыздылығын, яғни астана мен басқа қалалардың шекараға жақындығын, жоғары жылдамдықты теміржол қызметтеріне қол жетімділігін және негізгі халықаралық көлік дәліздерінің бойында орналасуын негізге алады.

Мәселен, бір тұрғынға шаққанда ең жоғары орташа халықаралық теміржолмен жүру қашықтығы Люксембургте (136 км), одан кейін Швейцарияда (65,2 км) тіркелген.

Чехияда (57,5 км), Францияда (48,6 км), Германияда (43,7 км), Данияда (36,8 км) және Австрияда (26 км) халықаралық жол жүру үшін жан басына шаққандағы орташа жолаушы километрі ЕО орташа көрсеткішінен (22,7 км) жоғары болды.

Бір тұрғынға шаққандағы пойыз сапарларының саны

Бір тұрғынға шаққандағы теміржол көлігімен сапарлар саны бойынша Швейцария көш бастап тұр – 60,8. Басқа елдердің ішінде бұл көрсеткіш Литвада 1,8-ден Люксембургте 40,8-ге дейін ауытқыған. ЕО орташа көрсеткіші 18,4 болды.

Жолаушылар ағынындағы темір жол көлігінің үлесі

Тағы бір маңызды көрсеткіш – ішкі жолаушылар тасымалының модальды бөлінісі.

Еуростаттың мәліметі бойынша, ішкі транспорт құрлықта жүзеге асырылатын тасымалдың барлық түрлерін қамтиды, тек әуе мен теңіз тасымалынан өзге. Ішкі тасымалдағы пойыздың үлесі Швейцарияда жоғары, ал ең төмені Солтүстік Македонияда тіркелген. Сонымен қатар, Германия мен Ұлыбританияда да халықтың көбі пойызбен жүруді құп көреді екен.

Еуропалық комиссия тұрғындарды жеке көлікпен қатынаудан бас тартып, қоғамдық көлікке көшуге үндеп отыр. Бұл энергия тұтынуды үнемдейді әрі қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғауға септігін тигізеді.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде