Новосібір облысында Купино қаласы маңындағы өткелде жүк көлігі қоршауды бұзып өтіп, жақындап келе жатқан жүк пойызының алдына шығып кеткен, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Салдарынан пойыз КамАЗ-дың бел ортасынан қаққан. Абырой болғанда көлік жүргізушісі тірі қалды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін ер адам көліктен куәлігін алмақ болып оқталған.
«Соқтығыс салдарынан пойыз вагондары рельстен шығып кетпеді және пойыз қозғалысында кідіріс болған жоқ», – деп хабарлады Батыс-Сібір көлік прокуратурасы.
Қазір аталған жайт бойынша тексеріс жүріп жатыр.