Танзанияның Сингида облысында автобус пен пойыз соқтығысынан кем дегенде 13 адам мерт болып, тағы 25 жолаушы жарақат алды. Бұл туралы аймақтың полиция басшысы Стелла Мутахибирва мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«Құрбандар саны өсуі мүмкін, өйткені жарақат алған 25 жолаушының басым көпшілігі ауыр халде жатыр», - деді ол.
Дар-эс-Салама қаласынан Мванзуға кетіп бара жатқан автобуста 57 жолаушы болған.
Стелла Мутахибирваның айтуынша, автобус таңғы сағат 05:00 кезінде теміржол өткелінде пойызбен соқтығысқан.