Еуропа елдерінің билігі азаматтарын ұшақтың орнына пойызбен жүруге шақырып жатыр

Әлемде
04.03.2024, 16:32

Әлемде қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 9 миллион адам көз жұмады, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап. Ғалымдардың жаңа зерттеуі осыны көрсетіп отыр. Ауаның ластануы адам денсаулығына қауіпті әрі экономикаға да орасан зор шығын келтіреді. Мысалы, осы мәселеден 2018-ші жылы Еуропа елдеріне 193 миллиард еуро шығын келген.  

Әлемде атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері рекордтық көрсеткішке жетті. Оған климаттың өзгеруі себеп. Өйткені былтыр көп елді қуаңшылық жайлады. Осының салдарынан су станциялары арқылы электр энергиясын өндіру қиындап, кей елдер қазбалы отындарды қайта көптеп қолдана бастады. Қытайдың коронавирустан кейін өз экономикасын қалпына келтірудегі әрекеттері де экологиялық ахуалға кері әсер еткен. Көрші елде былтыр ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері 5 пайызға артты. Бірақ АҚШ-та бұл көрсеткіш 4 процентке азайса, ЕуроОдақ жаңартылатын энергия көздерінің көбейте отырып оны 9 пайызға төмендете алды.    

Әуежайлардан да ауаға зиян көп  

Ауаның ластануына авиация саласының да әсері бар. Былтыр әлемдегі ең ірі 20 әуежай атмосфераға 231 миллион тонна көмірқышқыл газын бөлген. Бұл 58 көмір электр станциясы не 31 миллион жеңіл көліктің ауаға шығаратын зиянды қалдықтарымен пара-пар. Оу-Ди-Ай британдық сараптамалық орталығының зерттеуіне қарағанда, әуежайлардың ішінде ауаның ең көп ластайтын Дубайдағы әуе айлағы екен. Антирейтингке Майндағы Франкфурт, Париж, Амстердам, Лондон әуежайлары да кірген. Мәселеге қатысты еуропалық елдердің билігі азаматтарын жақын қалаларға ұшақтың орнына пойызбен жүруге шақыра бастады. Испанияда бастама кеңінен талқыланып жатыр. Үкімет пойызбен екі жарым сағаттың ішінде жететін мекендерге ұшақпен қатынауға тыйым салу көздеп отыр. Бұл атмосфераға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 10 пайызға азайтуға мүмкіндік бермек.  

Данияда су қорының көбі ластанған  

Ал Дания жұртын судың ластануы алаңдатып отыр. Елдің бес өңірінде тіршілік нәрі қорының жартысынан көбінен пестицидтер мен улы заттар табылған. Оларды әдетте фермерлер өз алқаптарын зиянкестерден қорғау үшін қолданады. Бірақ олар көп ұзамай таза су қоймаларынан табылып жатады. Сарапшылар бұл бара бара тіршілік нәрінің тапшылығын тіптен ушықтырып жіберуі мүмкін деп отыр.

 

Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ