Сянлушань станциясынан Еуропа мен Орталық Азияға жаңа бағыт ашылды

Әлемде
13.08.2025, 08:47
Photo: People’s Daily

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Сянлушань станциясы Еуропа және Орталық Азиямен тікелей теміржол қатынасын іске қосты. Бұл өңір экспортерлері үшін жүк жеткізу уақытын жеделдетіп, тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылғы тамызда Янцзы өзеніндегі Янлуо портына жақын орналасқан Сянлушань станциясынан Қазақстанға, Алашанькоу арқылы, алғашқы пойыз аттанды. Құрамында жалпы құны 2,3 млн АҚШ долларын құрайтын автокомпоненттер тиелген 40 футтық 51 контейнер бар.

Бұған дейін бүкіл жүк ағыны Уцзяшань станциясы арқылы жіберіліп, қосымша қайта тиеуді қажет ететін және бірнеше тәулікке созылатын. Жаңа бағыт тасымалдау уақытын екі тәулікке қысқартып, жеткізу құнын 15 %-ға төмендетті.

Бұл бағыттың дамуына жеделдетілген кедендік бақылау мен инфрақұрылымды жаңғырту ықпал етті. Мұнда енді теміржол, өзен және автокөлік тасымалдары тиімді үйлестіріледі, бұл логистикалық мүмкіндіктерді кеңейте түсетіні сөзсіз.

Сарапшылардың пікірінше, жоба Хубэйдің халықаралық көлік дәліздеріндегі, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасындағы рөлін күшейтеді. Сондай-ақ бұл инфрақұрылымға инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда