Alstom жаңа сутекті пойызын сертификаттауға шығарды

Әлемде
21.08.2025, 13:55
Оқуға 1 мин
Сурет: https://x.com/as_vuz

Alstom компаниясы жаңа Regiolis H2 моделін сертификаттауға жіберді. Бұл — компанияның үшінші сутекті пойызы, ол Францияда биылғы жылдың соңына дейін іске қосылмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Францияның төрт аймағы — Овернь – Рона – Альпы, Бургундия – Франш-Конте, Гранд-Эст және Окситания — жалпы құны 231 млн еуро болатын келісімшартқа қол қойды. Бұл елдегі экологиялық көлік саласына бағытталған ең ірі инвестициялық бағдарлама саналады.

Жоба Coradia Polyvalent платформасына негізделген. Bombardier компаниясымен бірігу нәтижесінде ол испандық CAF бақылауына өткенімен, технологияны әзірлеу мен өндіру Alstom-ның 14 зауытында бөлініп, соңғы құрастыру жұмыстары Рейшсхоффан зауытында жүргізілуде.

Жаңа пойыздың бір реттік жүріс қоры 600 шақырымды құрайды. Бұл көрсеткіш Coradia Stream H (660 км) немесе Coradia iLint (800 км) үлгілерінен төмен. Алайда гибридті жүйе пойызға электрленген бағыттарда да қозғалу мүмкіндігін береді. Сондықтан Regiolis H2 — аралас инфрақұрылым үшін әмбебап шешім ретінде ұсынылуда.

Компанияның айтуынша, сутекті пойыздар көміртексіз экономикаға көшуге, шығарындыларды азайтуға және Еуропаның экологиялық көлік жүйесін дамытуға жол ашады. Alstom осылайша тұрақты көлік нарығындағы көшбасшылығын нығайтып, болашақ теміржол саласының бағытын айқындауда.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды