Ресей Арктикадағы теміржол желісін дамытуға ниетті

Әлемде
15.09.2025, 09:12
Оқуға 2 мин
Фото: rzd-partner.ru
Қазақстан теміржолшысы

Ресей билігі Арктика полигонының теміржол инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл туралы үкімет қаулысында айтылған, деп жазды ТАСС.

Бастамаларды әзірлеумен Ресей Көлік министрлігі, Ресей ғылым академиясы және теміржол саласының өкілдері айналысады. Алғашқы нәтижелер, оның ішінде үкіметке арналған есеп дайындау, 2026 жылы күтіледі.

Басты бағыттардың қатарында Оңтүстік Сібірдің өнеркәсіптік аудандары мен Транссібір магистралін Арктикада орналасқан порттармен байланыстыратын жаңа көлік дәлізін құру көзделген. Сондай-ақ Лена, Енисей және Обь секілді өзен жолдарында су көлігін дамытуды қамтитын ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Бастама аясында Байкал–Амур магистралін және Транссібір магистралін ауқымды жаңғырту жалғасады. Бұл бағыттар Шығыс полигонының негізін құрайды және елдің шығысындағы ең маңызды жүк инфрақұрылымы саналады. Қазір олар көмір мен басқа да шикізат түрлерінің белсенді тасымалына байланысты өткізу қабілетінің шегінде жұмыс істеп тұр. Үкімет құжатына сәйкес, бұл желілерді жаңғырту 2035 жылға дейін жалғасады, бірақ мерзімдер белгілі бір факторларға қарай түзетілуі мүмкін.

Солтүстік теміржолдарды дамыту Сібір, Орал және елдің солтүстік-батыс аймақтарына Арктика порттарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл Транссібір магистралына түсетін жүктемені азайтып, теңіз тасымалының әлеуетін толық пайдалануға жол ашады. Арктика полигонын дамыту жобасы аясында Ямало-Ненец автономды округі мен Коми Республикасының аумағындағы Солтүстік теміржол инфрақұрылымын жаңарту да қарастырылған.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды