Калифорнияда сутекпен жүретін алғашқы пойыз іске қосылды

Әлемде
17.09.2025, 10:57
Фото: SBCTA

АҚШ-тағы алғашқы сутекпен жүретін пойыз Оңтүстік Калифорниядағы Сан-Бернардино округінің Arrow қала маңы желісінде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

FLIRT H2 сериясына жататын бұл пойыз отын элементтері мен аккумуляторлық батарея жинағынан қуат алады. Оны Stadler компаниясы 2019 жылғы келісімшарт бойынша құрастырған. Пойыз 2022 жылы АҚШ-қа жеткізіліп, кейін Колорадо штатындағы Көлік технологиялары орталығының (TTC) сынақ полигонында және Сан-Бернардино көлік басқармасының (SBCTA) желісінде қарқынды сынақтан өткен.

Калифорнияда пойызға ZEMU (Zero Emission Multiple Unit – Нөлдік шығарындылы көпқұрамды пойыз) атауы берілді. Ол 2022 жылдың қазан айында ашылған ұзындығы 14,5 км болатын, бес станциясы бар Arrow желісі бойынша қатынайды. Бұл желі Сан-Бернардино қаласын Редландс қаласындағы университеттік кешенмен байланыстырады. Сан-Бернардино қаласының Даунтаун станциясынан пойыз алғашқы рет 13 қыркүйек күні сағат 10:23-те тұрақты рейске шықты. SBCTA дерегінше, алғашқы күні жолаушылар үшін тегін қызмет көрсетілген.

Алғашқы жоспар бойынша пойыз 2024 жылы тұрақты қатынасқа шығуы тиіс болған.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты