Stadler жаңа FLIRT пойыздың дизайнын таныстырды

Әлемде
24.09.2025, 12:17
Оқуға 2 мин
Сурет: Stadler
Қазақстан теміржолшысы

Stadler компаниясы австрия-венгриялық жолаушылар тасымалдаушысы Győr-Sopron-Ebenfurti Vasút (GySEV) үшін FLIRT пойызының жобасын аяқтады. Бұл Сольноктегі (Венгрия) зауытта пойыз вагондарының шанақтарын өндіруді бастауға мүмкіндік берді. Пойыздың дизайнын жасауда Stadler мен GySEV-ке қоса немістің Innova Design Team компаниясы да қатысқан, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2024 жылдың наурыз айының соңында GySEV пен Stadler тоғыз екіжүйелі FLIRT электр пойызын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойды, сонымен бірге тағы төрт пойыз сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Пойыздар 25 кВ, 50 Гц және 15 кВ, 16,7 Гц айнымалы тоқпен электрлендірілген желілерде жұмыс істеуге бейімделген. Қазір 11 пойызға тапсырыс берілді. 15 кВ, 16,7 Гц желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі олардың Австрияда да пайдаланылуына жол ашады.

Күтілгендей, пойыздар Шопрон — Будапешт және Сомбатхей — Будапешт бағыттарында жолаушылар тасымалын 2027 жылдың соңғы тоқсанында бастайды, толық іске қосу 2028 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Жылдамдығы 160 км/сағ дейін жететін бес вагонды пойыздар қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Жолаушылар салоны икемді жоспарланған: бірінші және екінші сынып орындары қарастырылған. Қыста отыратын орындар саны көп болады, жазда велосипедтерге арналған орындар саны 18-ге дейін көбейтіледі.

Төмен еденді пойыздар ауа баптағыштармен, жолаушыларға арналған заманауи ақпараттандыру жүйесімен, көлемді жүк сөрелерімен, сауда автоматтары бар бистро аймағымен жабдықталған. Интернетке Wi-Fi арқылы қосылу мүмкіндігі бар, вагондарда тоқ көздері, әр орындықта USB порттар және ноутбук пен смартфондарға арналған қосымша тіреулер орнатылған.

FLIRT пойыздары GySEV жолаушыларына бұрыннан таныс. 2013–2018 жылдары компания осы маркадағы 20 пойызды сатып алған болатын. Ал жаңа пойыздар бұрынғыларға қарағанда ұзақ қашықтыққа қатынауға арналған.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл