Әлемдегі ең жылдам жедел пойыз CR450 Қытайдағы жоғары жылдамдықты теміржол желісінде алдын ала сынақ сериясын бастады және сағатына 453 км жылдамдықпен жүріп өткен, деп хабарлайды Rail-news.kz.

CR450 пойызының максималды сынақ жылдамдығы – 450 км/сағ, ал коммерциялық эксплуатациялық жылдамдығы – 400 км/сағ. Қазіргі кезде ол Шанхайдан басталып, Чунцин мен Чэнду қалаларына дейінгі оңтүстік-батыс бағытындағы жоғары жылдамдықты теміржолда квалификациялық сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Кэцзи жибао» («Ғылым мен технология газеті»).

Жедел пойыз нөлден бастап 350 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4 минут 40 секундта жете алады, ал екі пойыз бір-бірімен жарысып, қосынды жылдамдық бойынша 896 км/сағ рекорд орнатқан.

Бұған дейінгі CR400 пойызымен салыстырғанда, CR450 алдыңғы бөлігінің ұзындығы мен ұшқырлығы артып, вагон биіктігі 20 см төмендеп, массасы 50 тоннаға азайған, бұл аэродинамикалық кедергіні 22%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде CR400 «Фусин» пойыздары 350 км/сағ жылдамдықпен қатынайды.

Техникалық талаптарға сәйкес, CR450 пойызы жолаушылар тасымалына қолданбас бұрын 600 мың км жол жүріп өтуі тиіс.