Сауд Арабиясы мен Катар арасында жоғары жылдамдықты теміржол желісі салынады

Әлемде
22.12.2025, 12:10
Сурет: Shutterstock/Ahmad Faizal
Қазақстан теміржолшысы

Сауд Арабиясы мен Катар үкіметтері Эр-Рияд пен Доха қалаларын жалғайтын жаңа жоғары жылдамдықты теміржол желісін салу туралы ресми келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сауд Арабиясының БАҚ құралдары таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа «жоғары жылдамдықты электрлі теміржол» Эр-Риядтағы Король Салман атындағы халықаралық әуежай мен Дохадағы Хамад халықаралық әуежайын байланыстырады. Пойыз жол бойында Сауд Арабиясының Әл-Хуфуф және Даммам қалаларына аялдайды. Пойыздар сағатына 300 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүреді, бұл екі астана арасындағы жол уақытын 2 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Маңызды құжатқа 8 желтоқсанда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман мен Катар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидің Эр-Риядтағы кездесуі барысында қол қойылды. Бұл қадам 2017 жылғы дипломатиялық және көліктік шектеулерден кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсара түскенін айғақтайды.

Тараптардың бірлескен мәлімдемесінде жобаны алты жыл ішінде аяқтау жоспарланып отырғаны айтылған. Болжам бойынша:

Жоба екі елде 30 000 жаңа жұмыс орнын (тікелей және жанама) ашуға мүмкіндік береді.

Теміржол іске қосылғанда жылына 10 миллионға жуық жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде.

Бұл Сауд Арабиясы үшін 2018 жылы ашылған Джидда – Мекке – Медина бағытынан кейінгі екінші жоғары жылдамдықты желі болмақ. Сонымен қатар, бұл өңірдегі елдерді өзара байланыстыратын алғашқы трансшекаралық жүйе ретінде тарихқа енбек. Осыған дейін Катар елдегі алғашқы магистральды теміржол — Дохадан Сауд Арабиясымен шекарадағы Әбу-Самраға дейінгі желі құрылысын мақұлдаған болатын. Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктері де (БАӘ) Дубай мен Әбу-Даби арасында осындай жоғары жылдамдықты желіні дамытып жатыр.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды