Испанияның оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Әлемде
19.01.2026, 08:42
Оқуға 1 мин
Сурет: REUTERS

Испанияның EFE ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Кордова провинциясының Адамус қаласында екі жүйрдек пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 10 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Зардап шеккендер туралы деректер әртүрлі испандық БАҚ-та әрқалай көрсетілген — олардың саны 25-тен 100-ге дейін болуы мүмкін, деп хабарлайды Rail-news.kz.

БАҚ мәліметінше, алдымен Малагадан Мадридке бағыт алған пойыз рельстен шығып кеткен. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, сол сәтте келе жатқан басқа пойызбен соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде екінші пойыз да рельстен шығып кетті.

Апат болған жерден түсірілген бейнежазбалардан соқтығысудан кейін кем дегенде бір вагонның немесе локомотивтің аударылып қалғаны көрінеді.

AFP агенттігі пойызда болған жолаушылардың бірінің: «Соққының күші жер сілкінісіне ұқсас болды», — деген сөзін келтіреді.

Алдын ала ақпарат бойынша, екі құрамда барлығы 400-ге жуық адам болуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл учаскеде пойыздар қозғалысы толығымен тоқтатылды.

«Түсіп жатқан ақпарат өте ауыр», — деп жазды Х (Twitter) желісінде Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті