Түркия 2026 жылы теміржол жобаларына 6 миллиард доллардан астам инвестиция салмақ

Әлемде
21.01.2026, 11:03
Сурет: TCDD Taşımacılık

Түркия үкіметі 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында 91 теміржол жобасын іске асыруға 261,58 млрд түрік лирасын (шамамен 6,04 млрд АҚШ доллары) бөлді. Оның ішінде 54 жобаға Түркия мемлекеттік теміржолы (TCDD), 15 жобаға жолаушылар мен жүк тасымалының ұлттық операторы TCDD Taşımacılık, ал 22 жобаға Көлік және инфракұрылым министрлігі жауапты. Бұл жобалардың бір бөлігін 2026 жылы аяқтау көзделсе, қалғандары 2032 жылға дейін жалғасады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

TCDD Taşımacılık операторына 38 млрд лира бөлінген. Бұл қаражаттың 24,27 млрд лирасы басталып кеткен жобаларға, ал 13,73 млрд лирасы жаңа бастамаларға бағытталады. Бағдарламада отандық өндірістегі тепловоздар мен электропойыздарды сатып алуға басымдық берілген. Оларды жеткізу жұмыстары 2028 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Ал TCDD мекемесіне ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін 111,58 млрд лира бөлінді. Бұл қаражат мынадай жоғары жылдамдықты желілердің құрылысын жалғастыруға жұмсалады:

Черкезкөй — Капикуле;

Адана — Османие — Газиантеп;

Сивас — Эрзинджан;

Конья — Караман — Нигде — Мерсин — Адана;

Анкара — Измир.

Көлік және инфракұрылым министрлігіне тиесілі 112 млрд лира 59 провинциядағы жаңа желілердің техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындауға, сондай-ақ Гебзе — Хайдарпаша және Сиркеджи — Халкали бағытындағы қала маңы пойыздарының желілерін жаңғыртуға жұмсалмақ. Бұдан бөлек, Босфор бұғазы арқылы өтетін «Гебзе — Явуз Сұлтан Селим көпірі — Стамбул халықаралық әуежайы — Чаталджа» желісі мен Еркёй — Кайсери бағытындағы ірі жобалар да қаржыландырылады.

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды