Билеті 53 мың доллар: Әлемдегі ең қымбат туристік пойыз Қазақстанға келеді

Әлемде
12.02.2026, 09:17
Сурет: ашық дереккөзден
Қазақстан теміржолшысы

Британдық Golden Eagle Luxury Trains компаниясы «Ұлы Жібек жолы пойызбен» (The Great Silk Road by Train) туристік бағытының қайта жанданатынын мәлімдеді. Алғашқы сапар 21 қыркүйекке жоспарланған, ал билет құны 53 200 доллардан басталады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

22 күнге созылатын саяхат Бейжіңнен басталып, Ташкентте аяқталады. Пойыз жол бойы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағынан өтеді. Жолаушылар Ұлы Жібек жолының басты нүктелері — Сиань, Қашқар, Алматы, Бішкек, Хиуа, Бұхара, Душанбе, Самарқанд, Маргилан, Қоқан және басқа да көне қалаларды аралайды.

«Мұқият әзірленген бұл бағыт ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарын, көне қалалар мен жергілікті мәдениетті тамашалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, теміржолдағы ең жоғары деңгейдегі жайлылықты сезінесіз», — деп хабарлады компания.

Айта кетейік, бұл бағыттағы соңғы рейс 2019 жылы жүріп, пандемия кезінде тоқтатылған болатын. Содан бері пойыз қатынамаған.

Golden Eagle Luxury Trains компаниясын (алғашқы атауы GW Travel Ltd) 1989 жылы Тим Литтлер эксклюзивті теміржол круиздерінің операторы ретінде құрған. Бастапқыдан-ақ компания ерекше сән-салтанатқа басымдық берді. Жарнамалық материалдарда мынадай қызметтер ұсынылған: Belle Époque стиліндегі интерьер, Өнер мен технологияның гүлденген дәуірін бейнелейтін дизайн, Хань әулеті стиліндегі люкс-купе. Бұл купенің бағасы тізімде көрсетілмеген, ол тек жеке сұраныс бойынша хабарланады. Талғамы биік саяхатшыларды қанағаттандыратын басқа да қолайлы жағдайлар.

2025 жылы Golden Eagle Luxury Trains компаниясын италиялық Arsenale Group сатып алды. Жаңа иелері Азия нарығына баса назар аударып отыр. Бұрын «Алтын бүркіттер» негізінен Еуропаны шарлайтын. Қазіргі таңда «Ұлы Жібек жолынан» бөлек, мынадай турлар жарияланды: «Императорлық Қытай» (Сиань – Гонконг, 12 күн, 2027 жылғы 16 сәуірде аттанады), «Әлем шатырына саяхат» (Бейжің – Лхаса, 13 күн, 2027 жылғы 6 сәуірде аттанады).

Сондай-ақ, «Жібек жолы» бағытында жолдың бір бөлігін ғана қамтитын қысқа рейстер де болады. Мысалы, Бейжің – Үрімжі, Алматы – Ташкент немесе Алматы – Самарқанд. Бұл сегменттегі бағалар 19 500 доллардан басталады, сондықтан бұл ұсыныс демалыста ақша үнемдегісі келетіндерді қызықтыруы тиіс.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады