Қытайдан Тәжікстанға алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты

Әлемде
25.02.2026, 09:32
Қазақстан теміржолшысы

Қытайдан Тәжікстанға Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы өтетін мультимодальды көлік дәлізі бойынша алғашқы пилоттық контейнерлік пойыз аттанды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жобаны Қытай-Өзбекстан бірлескен компаниясы жүзеге асырды. Пойыз Ланьчжоу станциясынан шығып, Душанбе-2 станциясына қарай бағыт алды.

Пойыз құрамында халық тұтынатын тауарлар мен құрылыс техникасы тиелген сегіз 40 футтық контейнер бар. Маршруттың ұзындығы 3 500 шақырымнан асады. Жүкті жеткізудің транзиттік уақыты 18-20 күнді құрайды. Бұл жоба Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тұрақты контейнерлік тасымалды дамытудың маңызды қадамы ретінде қарастырылуда.

Компания 2025 жылдың шілдесінде Қытай мен Өзбекстан тараптарының қатысуымен құрылған. Кәсіпорын жүктерді шоғырландыруға және өңірдегі теміржол мен мультимодальды тасымалдарды дамытуға маманданған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қытай - Тәжікстанның ірі сауда серіктесі. 2025 жылы екіжақты тауар айналымы 2 млрд 850 млн долларға (шамамен 214,9 млрд ресей рублі) жетіп, өткен жылмен салыстырғанда қазіргі көрсеткіш 46%-ға жуық өскен.

«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан - Тәжікстан» көлік дәлізі өңірге жүк жеткізудің баламалы бағыты ретінде қалыптасып келеді. Тәжікстан мен Қытай арасындағы сауданың негізгі көлемі тұтынушылық және өнеркәсіптік тауарлар импорты мен шикізат ресурстарының экспортына тиесілі. Екі ел арасында автокөлік тасымалы жүзеге асырылғанымен, олардың көлемі таулы жолдардың жағдайына байланысты шектеулі болып отыр.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі