Жапонияда 30 жыл ішінде 1300 шақырымнан астам теміржол жабылған

Әлемде
08.04.2026, 17:45
Сурет: Wikipedia
Қазақстан теміржолшысы

Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің (MLIT) мәліметінше, елдегі демографиялық дағдарысқа байланысты 1996 жылдан 2025 жылына дейінгі аралықта жалпы ұзындығы 1366 шақырымды құрайтын 68 теміржол учаскесі пайдаланудан шығарылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл көрсеткішке Жапон архипелагының ең солтүстік аралы Хоккайдодағы теміржол желісінің үштен бірі еніп отыр. Атап айтқанда, бір жергілікті оператор ұзындығы 140 шақырымдық бағытқа қызмет көрсетуден бас тартса, тағы бір компания 116 шақырымдық желідегі тасымалды тоқтатқан.

Теміржол учаскелерінің жабылу қарқынының үдеп бара жатқаны ерекше атап өтілді:

Бірінші онжылдықта (1996 жылдан бастап) – 387 шақырым;

Екінші онжылдықта – 445 шақырым;

Үшінші онжылдықта – 534 шақырым жабылды.

Жалпы 1366 шақырымның 680 шақырымы Ұлттық теміржол (JNR) жекешелендірілгеннен кейін құрылған жеке компаниялардың үлесіне тиесілі.

Теміржол қатынасынан бас тарту негізінен халық саны тұрақты түрде азайып жатқан аймақтарда орын алды. Бұл үрдіс Жапонияның ауылдық жерлеріндегі көліктік қызмет көрсету деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыруда.

Сонымен қатар, қарастырылып отырған 30 жылдық кезеңде елде 1913 шақырым жаңа теміржол салынды, оның ішінде 1156 шақырымы «Синкансэн» жоғары жылдамдықты желілері.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда