Alstom сәтсіздікке қарамастан сутегі жобасына инвестиция салуға мәжбүр

Әлемде
15.04.2026, 10:28
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

Alstom осы айдың басында америкалық Cummins қозғалтқыш өндірушісінің сутегі отын элементтері саласындағы активтерін сатып алатынын жариялады. Мұндағы мәселе бизнесті дамытуда емес, сутегі пойыздарын жеткізу бойынша бұрын жасалған келісімшарттық міндеттемелердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған мәжбүрлі инвестициялар туралы болып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сатып алу шарттары жарияланбады. Alstom мәлімдемесіне сәйкес, компания Coradia сутегі пойыздарында қолданылатын отын элементтерін өндіруге және оларға қызмет көрсетуге арналған өндірістік қуаттарды иеленген.

Компания бұл бағыттың болашағы жоқ екені анық болса да, сутегі жобасына қаржы құюды жалғастыруға мәжбүр. Alstom сутегі пойыздары бағытын одан әрі дамытуды тоқтату туралы шешімді 2025 жылдың қарашасында қабылдаған болатын. Бұған Францияның сутегі энергетикасын қолдау жөніндегі еуропалық IPCEI Hy2Tech бағдарламасынан шығуы себеп болды. Бұл қадам корпорацияны Францияның мемлекеттік қаржыландыруынан ғана емес, еуропалық қорларға қол жеткізу мүмкіндігінен де айырды. Cummins Accelera сутегі бөлімшесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 458 миллион доллар шығынға батқан. Cummins өз қолынан келгенше активтерін Alstom-ға сатты, ал француз корпорациясымен мәмілеге кірмей қалған электролизер өндірісі бизнесі жай ғана жабылып қалды.

Сутегі пойыздары сенімсіз және қызмет көрсету жағынан өте қымбат болып шықты. 2020 жылы Германияның электротехника және ақпараттық технологиялар қауымдастығы ГФР Көлік және цифрлық инфрақұрылым министрлігінің тапсырысымен сутегі пойыздарына инвестиция салудың тиімділігін бағалаған болатын. Есеп авторлары аккумуляторлық батареялармен жабдықталған электропойыздарды пайдалану сутегі отын элементтеріне қарағанда 35%-ға арзан деген қорытындыға келген. Ал 2022 жылы Баден-Вюртемберг жерінің үкіметі тапсырысымен жүргізілген зерттеуде сутегі пойыздарын сатып алу, пайдалану және күтіп ұстауға жұмсалатын жалпы шығындар аккумуляторлық жүйелермен салыстырғанда 80%-ға жоғары екені көрсетілді. 2022 жылы Alstom компаниясы ГФР-дің Рейн-Майн аймағына жеткізген 27 Coradia iLint пойызының 17-сі істен шығып, оператор маршрутқа қайтадан дизельдік тартқыштарды шығаруға мәжбүр болған.

Соған қарамастан, Alstom-ның бұрын жасалған келісімшарттар бойынша пойыздарды жеткізу және сатылған жылжымалы құрамға қызмет көрсету бойынша міндеттемелері бар. Railway Age журналының мәліметінше, өткен жылдың соңында ГФР теміржолдарында Alstom-ның 41 сутегі пойызы жұмыс істеп тұрды, сонымен қатар Италия мен Францияға барлығы 30-ға жуық пойыз жеткізу бойынша орындалмаған келісімшарттары бар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды