Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады

Әлемде
12.05.2026, 08:44
Сурет: Stadler
Қазақстан теміржолшысы

Stadler компаниясы Ирландия темір жолымен (Iarnród Éireann, IÉ) және Солтүстік Ирландияның Translink Northern Ireland Railways (NIR) мемлекеттік компаниясымен келісімшартқа отырып, жаңа нарыққа қадам басты, деп хабарлайды Rail-news.kz

Швейцариялық өндірушіге FLIRT сериялы сегіз гибридті пойызға тапсырыс берілді. Бұл пойыздар 2030 жылы Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландия астаналарын жалғайтын ұзындығы 180 шақырымдық трансшекаралық магистральда қатынай бастайды деп жоспарлануда.

Келісімшарт аясында алдағы 15 жыл бойы техникалық қолдау көрсету, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, инженерлік қызметтер мен техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау, сондай-ақ мамандарды оқыту жұмыстары қарастырылған.

Жаңа пойыздар пайдалану мерзімі аяқталуға таяған ескі құрамдардың орнын басады. Олар іске қосылғаннан кейін Дублин мен Белфаст арасындағы жол жүру уақыты 2 сағаттан азайып, күнделікті рейстер саны екі бағытта да 16-ға дейін артады.

Әрбір төмен табанды пойыздың ұзындығы 200 метрді құрайды және 407 жолаушыға арналған. Жолаушылар үшін жайлы орындықтар, тегін Wi-Fi желісі және тағамдар мен сусындарды тікелей орынға жеткізу қызметі қарастырылған. Сондай-ақ, вагон едені мен платформа арасындағы алшақтықты жоятын жылжымалы қондырғылар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар мен дәретханалар орнатылған.

Солтүстік Ирландиядағы темір жолдар әлі толық электрлендірілмегендіктен, пойыздардың тарту жүйесі түйіспелі желіден, дизельдік қозғалтқыштан немесе аккумулятордан қуат ала алады. Сонымен қатар, борттық жабдықтар Дроэда қаласынан (Дублин мен Солтүстік Ирландия шекарасының ортасында орналасқан) Белфастқа дейінгі учаскені 25 кВ кернеулі айнымалы токпен электрлендіру болашағына бейімделген. Кейіннен дизельдік қозғалтқыштарды алып тастап, аккумуляторларды сақтап қалуға болады, бұл пойыздарға электр желісі жоқ жолдармен де жүруге мүмкіндік береді.

Жаңа пойыздарды сатып алу мен инфрақұрылымды дайындауды қамтитын бұл жобаны Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландия үкіметтері бірлесіп қаржыландыруда. Олар жалпы сомасы 548 млн фунт стерлинг (698 млн еуро) бөлді. Бұған қоса, Еуропалық Одақтың қатысуымен өтетін британ-ирланд бірлескен бағдарламасы аясында тағы 165 млн еуро бөлінетін болады.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты