Биыл Ресей теміржолдарында апат пен пойыздардың рельстен шығу жағдайлары көбейген

Әлемде
15.05.2026, 17:48
Сурет: РЖД Партнер

Теміржол көлігі саласындағы қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция мәліметінше, қаңтар–наурыз аралығында 6 ірі жол апаты тіркелген. Былтыр осы кезеңде мұндай 3 оқиға болған. Барлық апат теміржол инфрақұрылымында орын алған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«РЖД партнер» басылымының жазуынша, үш ай ішінде 128 вагон мен локомотив зақымданған. Оның 93-ін қалпына келтіру тиімсіз деп танылған.

Екі ірі апат Қиыр Шығыс теміржолында тіркелген. Соның бірі Забайкалье бағытында жүк пойызының рельстен шығуына байланысты болды. Тергеу барысында локомотивтегі техникалық ақаулар мен рельске түскен шамадан тыс күш себеп болғаны анықталған. Тағы бір апат вагон дөңгелегі осінің сынуынан болған. Бұған жөндеу талаптарының сақталмауы әсер еткен.

Сонымен қатар, 2026 жылдың І тоқсанында теміржол инфрақұрылымында 65 рельстен шығу және соқтығысу оқиғасы тіркеліпті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 51 болған. Оқиғалардың көбі Горький және Қиыр Шығыс теміржолдарында болған.

Негізгі себептер:

— маневр жұмыстары кезіндегі қателіктер;

— теміржол жолдарын дұрыс күтпеу;

— жылжымалы құрамды сапасыз жөндеу.

Теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары да артқан. Биыл алғашқы тоқсанда 79 ДТП тіркелсе, былтыр 62 болған. Барлық жағдайда жүргізушілер бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан өткелге шығып кеткен.

Апат салдарынан қаза тапқандар саны 12-ден 17 адамға дейін, ал жараланғандар саны 16-дан 25 адамға дейін өскен.

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?