Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды

Әлемде
09.07.2026, 12:01
Сурет: ашық дереккөзден

Ұлыбританияның Кембридж қаласында көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындысы нөлге тең алғашқы теміржол вокзалы – Cambridge South пайдалануға берілді. Жобаға 250 млн фунт стерлингтен астам инвестиция салынған, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Төрт платформалы жаңа вокзал Кембридждің қарқынды дамып келе жатқан биомедициналық кластеріне қызмет көрсетеді. Мамандардың болжамынша, мұнда жыл сайын шамамен 1,8 млн жолаушы қатынайды.

Вокзал құрылысында экологиялық шешімдерге басымдық берілген. Ғимаратқа жаңбыр суын тиімді басқаруға арналған жасыл шатыр орнатылып, мыңнан астам велосипед тұрағы салынды. Сондай-ақ аумаққа жергілікті ағаш түрлері отырғызылып, жабайы табиғаттың тіршілік ортасын сақтауға бағытталған инфрақұрылым жасалған.

Жобаны жүзеге асырған Arcadis компаниясы жобалау, экологиялық жоспарлау және құрылысты үйлестіру жұмыстарын атқарды. Құрылыс барысында 3D модельдеу, дрондармен түсірілім және бірыңғай цифрлық басқару жүйесі қолданылды.

Компания өкілдерінің айтуынша, Cambridge South экологиялық тұрақтылықты, биоалуантүрлілікті және заманауи көлік инфрақұрылымын үйлестіретін жаңа буын теміржол вокзалының үлгісі саналады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады