Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады

Әлемде
23.07.2026, 09:19
Оқуға 2 мин
Сурет: DB / Stefan Wildhirt
Қазақстан теміржолшысы

«Deutsche Bahn» (DB) компаниясы өзіне қарасты барлық 5 400 вокзалда ішімдік ішуге тыйым салады. Бүкіл ел бойынша қолданылатын бұл ереже 2026 жылдың 15 қазанына қарай толық күшіне енеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Шектеу «Deutsche Bahn» компаниясының мүлікті пайдалану ережелеріне сәйкес біртіндеп енгізіледі. Жобаның басты мақсаты — жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру.

Таяудағы апталарда муниципалитеттермен, мемлекеттік органдармен және басқа да әкімшілік құрылымдармен келісе отырып, жергілікті станциялардың жұмыс ережелеріне өзгерістер енгізіледі.

DB бұл шешімді ішімдік салдарынан қайталанып отырған зорлық-зомбылық оқиғаларымен түсіндірді. Алдыңғы жумада осындай жағдайдың кесірінен теміржол қауіпсіздік қызметкеріне ауыр шабуыл жасалған болатын (бұл туралы RAILMARKET.com сайтының өткен репортажында айтылды).

«Бұдан былай шара қолданып, вокзалдарымызда ішімдік ішуге тыйым саламыз». Мөлшерден тыс ішімдік ішілген жерде зорлық-зомбылық деңгейінің де артатынына жиі куә болудамыз», - деді Deutsche Bahn бас директоры Эвелин Палла.

Қазірдің өзінде Германияның 30-ға жуық вокзалында, соның ішінде Кельн, Мюнхен және Гамбургте алкоголь тұтынуға тыйым салынған. DB мәліметінше, бұл нысандарда зорлық-зомбылық деңгейі төмендеп, қоқыс көлемі азайған.

Келесі шектеулер 1 қыркүйекте Берлиннің Орталық вокзалында («Берлин-Хауптбанхоф»), «Берлин-Гезундбрунненде», сондай-ақ Киль мен Брауншвейг вокзалдарында күшіне енеді. Қалған станцияларда шектеулер қазақ төңірегіне (қазанның ортасына) дейін кезең-кезеңімен енгізіледі.

Тыйым вокзал аумағындағы мейрамханалар мен лицензиясы бар басқа да қоғамдық тамақтану орындарында ішілетін алкогольге жүрмейді.

Сонымен қатар, жолаушыларға ашылмаған ішімдіктерді жүгінде немесе сатып алған сөмкелерінде тасымалдауға рұқсат етіледі.

Вокзалдың тыйым салынған аймағында ішімдік ішіп ұсталған кез келген адамнан аумақтан шығу талап етілуі мүмкін. Алаңға ережені қайталап бұзғандарға вокзалға кіруге толықтай тыйым салынады.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті