InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады

Әлемде
10.09.2026, 08:50
Оқуға 2 мин
Сурет: InnoTrans

22-25 қыркүйек аралығында Берлинде көлік технологияларына арналған InnoTrans халықаралық көрмесі өтеді. Биыл әлемдік деңгейдегі ауқымды шара 15-рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көрме Messe Berlin кешенінің 42 павильонында орналасады. Экспозиция бес негізгі бағытты қамтиды: теміржол технологиялары, инфрақұрылым, қоғамдық көлік, көлік интерьерлері және тоннель құрылысы. Сонымен қатар іскерлік бағдарлама аясында InnoTrans Convention конференциясы өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл көрмеге әлемнің 60-тан астам елінен 3 мыңға жуық компания қатысады деп күтілуде. 2024 жылы InnoTrans көрмесіне 128 елден 169 мыңнан астам адам келген болатын. Биыл келушілер саны бұл көрсеткіштен де артуы мүмкін.

Көрменің ашық алаңындағы жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын теміржол жолдарында 120-дан астам түрлі жылжымалы құрам мен арнайы техника таныстырылады. Олардың қатарында жол машиналарынан бастап жоғары жылдамдықты пойыздарға дейін бар.

Siemens Mobility Германияның өңірлік бағыттарына арналған электр желісінен де, аккумулятордан да қуат алатын жаңа электр пойызын, Vectron X локомотивін және Лондон метросына арналған пойызын көрсетеді.

Stadler компаниясы да жылжымалы құрамның бірнеше жаңа үлгісін таныстырады. Alstom Италияның ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы Trenitalia үшін шығарылған Coradia Stream жылдам өңірлік электр пойызын және Traxx сериясындағы жаңа локомотивті ұсынады.

Испаниялық Talgo компаниясы Германияның жеке тасымалдаушысы FlixTrain үшін әзірленген алғашқы Talgo 230 қалааралық пойызын көпшілік назарына ұсынбақ.

Ашық экспозицияда бұдан бөлек Hitachi Rail компаниясының ETR1000 жоғары жылдамдықты пойызы, Škoda Group шығарған жаңа буындағы RegioPanter аккумуляторлы электр пойызы көрсетіледі.

Көрменің тағы бір маңызды жаңалығы – машиниссіз жүретін пойыз. Оны Siemens компаниясы серіктестерімен бірлесіп, Германияның теміржол инфрақұрылымы операторы DB InfraGO-ның AutomatedTrain жобасы аясында әзірлеген.

InnoTrans әлемдегі теміржол және көлік технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі саналады. Көрме екі жыл сайын Германия астанасы Берлинде өткізіледі.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті