Леңгірде жаңа леп бар...
Новости
27.09.2016, 17:16
Шымкенттен 29 шақырымда жатқан Леңгір бекеті өткен ғасырдың 1935 жылдары ашылған. Осы аумақтағы шахта кенін игеру мақсатында бой көтерген бекеттің алғашқы тұрғындары шахташылар мен олардың көлігі ат арба, одан соң тар табанды темір жол болыпты. 1950-1960 жылдары халық қалаға осы темір жол арқылы қатынаған екен.
Әсіресе Леңгірдің көмірі соғыс жылдары Шымкенттегі Қорғасын зауытына күні-түні жөнелтіліп тұрған. Сол қара отын әуелі ат арбамен, кейін тар табанды темір жол арқылы қаланың бергі басындағы зауытқа вагонмен жіберілген. Екінші дүниежүзілік соғыста кеңес әскерінің жеңуіне Қорғасын зауытынан кеткен оқ, зымырандардың да үлесі көп болды. Демек, сол қаруды дайындауда үздіксіз көмір қазған шахташылар мен оны жөнелтіп тұрған теміржолшылардың да ерлігі жатыр.
–Ел аузында «Леңгірдің көмірі ағылшындардыкіндей, самаурынға да жана береді» деген сөз бар. 1973 жылға дейін бұл қара отынды шығаратын шахта, Одақ шеңберінде көлемді шахта кендерінің бірі болған деседі. Осы жылдан кейін көмірді алу құнының қымбаттауы өзін өтемегендіктен, 5-6 шахта орны жабылған. Бірақ, сол кезде «Ұйық», «Луч» сынды тігін фабрикалары, темір-бетонды плита және пышақ, балта сынды тұрмыстық заттар мен танкінің ұңғыларын дайындайтын зауыттар болғандықтан, темір жолда жұмыс тоқтамаған. Тікелей КСРО Қорғаныс министрлігіне қарайтын болт, бұранда, сомындарды шығаратын «Дәл құйма» зауыты одақ бойынша екі-үшеу болса, соның бірі – осы Леңгірде салынған екен. Кейін біраз уақыт басынан береке тайғандай күй кешкен шағын бекет, бес жыл Қазығұрт станциясының қарамағында болады. Тек, соңғы бірнеше жылдың көлемінде өзге шағын төрт станция сынды төлебиліктер де бөлініп шығып, баяғы жұмысты жалғастырады. Қазіргі таңда «Ақмаржан ЛТД», «Аққұм» сынды жеке ұн артатын комбинаттар бар. Оған Шымкенттен осында мұнай әкеліп, соның жанар-жағар майын тарататын «Замана инвест» мұнай базасын қосыңыз. Жергілікті кәсіпкерлер Әзірбайжаннан әкелген селитрасын жақын жердегі қоймаларға құйып, Шымкентке көлікпен таратады. Осы жеке кәсіпкерлерге тұрақты түрде 4 кірме жол жұмыс істесе, тоқтап қалған екі зауыттың кірме жолдары бос тұр. Төртінші класты бекеттің жұмысын 4 станция кезекшісі, бір тауар кассирі мен бір жүк қабылдап-жөнелтуші атқарады, – деп бекеттің тыныс-тірлігінен сыр шертті бекетті жиырма жылдан аса басқарып отырған Бақыт Жетібаев.
Осы өлкенің тумасы бекет темір жолының өсіп-өркендеп, үздіксіз жүк айналымының болып тұруына мүдделілік танытып келеді. Оның бұл еңбегі нәтижесіз де емес.
– 1997-2005 жылдары вагон айналымы азайып кеткен. Қазір ол уақытпен салыстырғанда жүк жөнелту жоғары деңгейде. Керісінше, кейде жүк тұрады, артатын вагон таппаймыз. Күн сайын 7 вагон түсіріп, екі вагон артылады. Сегіз айда 1084 вагоннан жүк түсіріп, 400 вагон жүк жөнелттік. Негізінен тиелетін жүк, ұн өнімдері. Олар Ауған, Түрікмен, Тәжік елдеріне экспортталады. Ал келетін жүк жанар-жағар май, көмір, бидай, – дейді бекет басшысы.
Станция ғимаратын 1945-1947 жылдары жапондық тұтқындар салыпты. Күрделі жөндеуден өтсе, әлі біразға шыдайтын жайы бар екен. Ғимарат ішінің тазалығы мен ұқыптылығы бірден көзге түсетіндіктен, көне екені аса байқалмайды. Тек ескіріп, тозған жиһаздар ғимараттың көненің көзі екенін еске салғандай. Бекет Оңтүстіктегі темір жолдың негізгі бағытынан бөлек, тұйық жолда тұрғандықтан, назардан тыс қалып жатқан шығар деген ой да туындайды. Бір қызығы, Сайрам – Тоғыс – Леңгір жолында пойыз, сонау 1950-1960 жылдарғыдай электр таяқшалары жүйесімен жүреді. Металды кілт машинистке берілген соң, тепловозды келесі Тоғыс станциясына барғанша жолға вагон шықпайды екен.
Динар МЕЙІРМАН, Леңгір
В мире
10.04.2026
Около 85 грузовых поездов прошли через Казахстан из Сианя в Баку
Пассажирские перевозки
10.04.2026
КТЖ запустило новый ж/д маршрут «Астана – Талдыкорган» с обновленными вагонами RWS Wagon
Регионы
10.04.2026
Ревизоры департамента безопасности движения провели 189 проверок в Алматинском регионе
Регионы
10.04.2026
Павлодарский регион продолжает сталкиваться с проблемой бесхозного скота на железнодорожных путях
Регионы
10.04.2026
Более 69 км пути капитально отремонтируют в Костанайском регионе в 2026 году
Новости
10.04.2026
Увеличение объемов грузоперевозок обсуждают Казахстан и Армения
Новости / Архив
10.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №27 от 10 апреля 2026 года
Новости
09.04.2026
Транспортная полиция зафиксировала 12 фактов боя стекол в пассажирских поездах
Спорт
09.04.2026
Железнодорожники Илецка соревновались в шахматах, футболе и перетягивании каната
Новости
09.04.2026
Более 25 тыс. правонарушений выявили транспортные полицейские с начала года
Спорт
09.04.2026
Турнир по волейболу среди железнодорожников прошел в Экибастузе
Новости
09.04.2026
Современные локомотивы пополнили парк КТЖ
Регионы
09.04.2026
Безопасность труда железнодорожников обсудили на заседании производственного совета в Караганде
Регионы
09.04.2026
Более 6,7 млн тонн грузов отправлено со станций Костанайского региона
Новости
09.04.2026
КТЖ высадит более 100 тысяч деревьев в Алматинской области
Инфраструктура
08.04.2026
О ходе реализации программы модернизации железнодорожных вокзалов рассказали в Минтрансе
Новости
08.04.2026
Зачем железной дороге привлеченные средства — разъяснение эксперта
Пассажирские перевозки
08.04.2026
Около 856 тыс. пассажирок воспользовались женскими вагонами КТЖ
Грузовые перевозки
08.04.2026
Казахстан экспортировал 9,9 млн тонн зерна и муки в зерновом эквиваленте
Регионы
08.04.2026
Волонтеры КТЖ проводят благотворительные акции в Караганде