Леңгірде жаңа леп бар...

Жаңалықтар
27.09.2016, 17:16
Шымкенттен 29 шақырымда жатқан Леңгір бекеті өткен ғасырдың 1935 жылдары ашылған. Осы аумақтағы шахта кенін игеру мақсатында бой көтерген бекеттің алғашқы тұрғындары шахташылар мен олардың көлігі ат арба, одан соң тар табанды темір жол болыпты. 1950-1960 жылдары халық қалаға осы темір жол арқылы қатынаған екен. Әсіресе Леңгірдің көмірі соғыс жылдары Шымкенттегі Қорғасын зауытына күні-түні жөнелтіліп тұрған. Сол қара отын әуелі ат арбамен, кейін тар табанды темір жол арқылы қаланың бергі басындағы зауытқа вагонмен жіберілген. Екінші дүниежүзілік соғыста кеңес әскерінің жеңуіне Қорғасын зауытынан кеткен оқ, зымырандардың да үлесі көп болды. Демек, сол қаруды дайындауда үздіксіз көмір қазған шахташылар мен оны жөнелтіп тұрған теміржолшылардың да ерлігі жатыр.   –Ел аузында «Леңгірдің көмірі ағылшындардыкіндей, самаурынға да жана береді» деген сөз бар. 1973 жылға дейін бұл қара отынды шығаратын шахта, Одақ шеңберінде көлемді шахта кендерінің бірі болған деседі. Осы жылдан кейін көмірді алу құнының қымбаттауы өзін өтемегендіктен, 5-6 шахта орны жабылған. Бірақ, сол кезде «Ұйық», «Луч» сынды тігін фабрикалары, темір-бетонды плита және пышақ, балта сынды тұрмыстық заттар мен танкінің ұңғыларын дайындайтын зауыттар болғандықтан, темір жолда жұмыс тоқтамаған. Тікелей КСРО Қорғаныс министрлігіне қарайтын болт, бұранда, сомындарды шығаратын «Дәл құйма» зауыты одақ бойынша екі-үшеу болса, соның бірі ­– осы Леңгірде салынған екен. Кейін біраз уақыт басынан береке тайғандай күй кешкен шағын бекет, бес жыл Қазығұрт станциясының қарамағында болады. Тек, соңғы бірнеше жылдың көлемінде өзге шағын төрт станция сынды төлебиліктер де бөлініп шығып, баяғы жұмысты жалғастырады. Қазіргі таңда «Ақмаржан ЛТД», «Аққұм» сынды жеке ұн артатын комбинаттар бар. Оған Шымкенттен осында мұнай әкеліп, соның жанар-жағар майын тарататын «Замана инвест» мұнай базасын қосыңыз. Жергілікті кәсіпкерлер Әзірбайжаннан әкелген селитрасын жақын жердегі қоймаларға құйып, Шымкентке көлікпен таратады. Осы жеке кәсіпкерлерге тұрақты түрде 4 кірме жол жұмыс істесе, тоқтап қалған екі зауыттың кірме жолдары бос тұр. Төртінші класты бекеттің жұмысын 4 станция кезекшісі, бір тауар кассирі мен бір жүк қабылдап-жөнелтуші атқарады, – деп бекеттің тыныс-тірлігінен сыр шертті бекетті жиырма жылдан аса басқарып отырған Бақыт Жетібаев. Осы өлкенің тумасы бекет темір жолының өсіп-өркендеп, үздіксіз жүк айналымының болып тұруына мүдделілік танытып келеді. Оның бұл еңбегі нәтижесіз де емес. – 1997-2005 жылдары вагон айналымы азайып кеткен. Қазір ол уақытпен салыстырғанда жүк жөнелту жоғары деңгейде. Керісінше, кейде жүк тұрады, артатын вагон таппаймыз.  Күн сайын 7 вагон түсіріп, екі вагон артылады. Сегіз айда 1084  вагоннан жүк түсіріп, 400 вагон жүк жөнелттік.   Негізінен тиелетін жүк, ұн өнімдері. Олар Ауған, Түрікмен, Тәжік елдеріне экспортталады. Ал келетін жүк жанар-жағар май, көмір, бидай, – дейді бекет басшысы.   Станция ғимаратын 1945-1947 жылдары жапондық тұтқындар салыпты. Күрделі жөндеуден өтсе, әлі біразға шыдайтын жайы бар екен. Ғимарат ішінің тазалығы мен ұқыптылығы бірден көзге түсетіндіктен, көне екені аса байқалмайды. Тек ескіріп, тозған жиһаздар ғимараттың көненің көзі екенін еске салғандай. Бекет Оңтүстіктегі темір жолдың негізгі бағытынан бөлек, тұйық жолда тұрғандықтан,  назардан тыс қалып жатқан шығар деген ой да туындайды. Бір қызығы, Сайрам – Тоғыс – Леңгір жолында пойыз, сонау 1950-1960 жылдарғыдай электр таяқшалары   жүйесімен жүреді. Металды кілт  машинистке берілген соң, тепловозды келесі Тоғыс станциясына барғанша жолға вагон шықпайды екен.  

Динар МЕЙІРМАН,  Леңгір

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді