Теміржолшы қыз әлемдегі ең үздік жоғары оқу орынның грантын ұтып алды

Жаңалықтар
17.08.2022, 09:30
Оқуға 2 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жобалар портфелін басқару департаментінің бас менеджері Сәуле Әлкеева Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің білім грантын ұтып алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кореядағы Seoul National University of Science and Technology білім ошағы әлемнің үздік 5 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Биыл 22 елден 26 қатысушы оқуға іріктеуден өтті. Сәуле Әлкеева бірнеше жыл қатарынан осы үлкен жетістікке жетуге еңбектенді.

Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетіндегі теміржол көлігі жоғары мектебі Корея үкіметінің шетелдік мемлекеттік теміржол қызметкерлеріне арналған стипендия бағдарламасын жариялады. Оқу бағдарламасы 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың тамызына дейін өтеді.

Оқытудың басты мақсаттары – жоғары жылдамдықты темір жолдар саласындағы соңғы технологиялық әзірлемелермен танысу, корей темір жолдарының саясаты мен басқаруын зерделеу, темір жол саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, жаһандық темір жолдар желісі мен жоғары жылдамдықты темір жолдар саласында Кореямен болашақ ынтымақтастықты нығайту.

– Корея қысқа мерзім ішінде айтарлықтай экономикалық нәтижелерге, соның ішінде темір жолдарын дамытуға қол жеткізді. Олар әлемдік рейтингте алға шықты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында компаниянымызды мультимодальдық холдингке айналдыру қажеттігі туралы айтқаны мәлім. Тиісінше, осы жұмыс аясында көптеген жобалар жүзеге асырылады. Менің Seoul Tech-тегі алған білімім осы трансформацияға өз үлесімді қосуға көмектеседі деп сенемін, – дейді Сәуле Әлкеева.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды