Екібастұзда теміржол бандаждарын шығаратын электрометаллургия зауытының құрылысы басталды

Жаңалықтар
02.05.2025, 12:37

Екібастұздың индустриалды аймағында заманауи электрометаллургия зауытының құрылысы басталды. Сондай-ақ, осы күні RailCastSystems компаниясының ұста-бандаж кешені ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Капсула салу және өндірісті іске қосу салтанатты рәсіміне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сондай-ақ, RWS KZ басқарма төрағасы Сергей Павлингер қатысты.

- Бүгін біз еліміз үшін стратегиялық маңызы бар «Rail Way Steel» компаниясының электрометаллургиялық зауыты құрылысының басталуына капсула салып отырмыз. Өңдеуші сектордың қарқынды дамуы Қазақстанның экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Бұл бағытта Екібастұз қаласы бірегей. Моноқала ірі өнеркәсіптік орталықтардың біріне айналуда. Жоғары технологиялық өндірістің құрылысы - осының жарқын дәлелі. Зауыттың құрылысы мен іске қосылуының барлық кезеңдерінде жергілікті атқарушы органдар жобаға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз оны іске қосуға және одан әрі дамытуға мүдделіміз, - деді облыс әкімі.

Жаңа буындағы электрометаллургиялық зауытының құрылысын қазақстандық теміржол-көлік жасау кластері саласындағы жетекші компания - Railways Systems KZ ЖШС жүзеге асыруда. Кәсіпорын 100 га аумаққа орналасады. Салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 500 млрд теңгені, қуаты - жылына 1 млн тонна болатты құрайды. Зауытты 2028 жылы іске қосу жоспарланған және 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Өндіріс ішкі нарыққа да, экспортқа да бағдарланатын болады: өнімнің 40%-ын ТМД және Еуроодақ елдеріне жеткізу жоспарлануда. Зауыт RWS KZ кластері кәсіпорнын және басқа да қазақстандық дөңгелектер мен теміржол рельстерін өндірушілерді жоғары сапалы металл өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Жоба электрометаллургия саласындағы ірі еуропалық инжинирингтік компаниялардың бірімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жаңа буындағы роботтандырылған және автоматтандырылған жабдықтарды пайдалану энергия тұтыну көлемін айтарлықтай төмендетуге, заманауи экологиялық және әлеуметтік стандарттарға сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, осы күні RailCastSystems ұста-бандаж кешені пайдалануға берілді. Жобаға салынған инвестиция көлемі 125 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын Industry 4.0 технологияларының элементтерімен жабдықталған және еліміздегі басым инвестициялық жобалардың тізіміне енгізілген.

Кешеннің өндірістік қуаты жыл сайын 88 мыңға дейін теміржол бандаждарын, 36 мың вагон біліктерін, 27 мың тісті доңғалақтар және 9,9 мың соғылған металл бұйымдарын шығаруға мүмкіндік береді.

RWS KZ басқарма төрағасы Сергей Павлингердің айтуынша жаңа кәсіпорын соғылған металл өнімдері нарығындағы тапшылықты жабуға, атап айтқанда әлемдік теміржол саласында белсенді сұранысқа ие бандаждарды шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ТМД елдерінде де, Еуропада да мұндай өндіріс жоқ.

Облыс әкімі Асайын Байханов жобаны іске қосуға атсалысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдіріп, компанияға табыс тіледі.

Сапар аясында делегация RWS KZ кластерінің жұмыс істеп тұрған зауыттарына барып, дөңгелектер, вагон біліктері, бағыттамалы бұрмалар мен кресттер өндіру үдерісімен танысты. Сондай-ақ, жүк және жолаушылар вагондарынан бастап метро мен қалалық рельсті көліктің жылжымалы құрамына дейінгі теміржол көлігінің әртүрлі түрлері үшін өнім шығару мүмкіндіктері қаралды.

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды