Биыл бейінді жоо мен аооо-ның 216 түлегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жас мамандар Дирекция желілік бөлімшелерінде жетекші теміржол мамандықтары бойынша жұмысқа кірісті. Түлектерді жұмысқа орналастыру еліміздің 51 оқу орнымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберінде ұйымдастырылды.
Жастарды темір жолдағы жұмысқа тарту ҚТЖ кадр саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл кадрлық резервті қалыптастыруға және салаға мамандардың жаңа буынын тартуға мүмкіндік береді.