Түрік компаниясы елімізде логистикалық инфрақұрылымға инвестиция салмақ

Жаңалықтар
30.06.2025, 09:01
Оқуға 2 мин

Түркияның «S Sistem Lojistik» логистикалық компаниясы елімізде жалпы құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи логистикалық және қойма терминалдары желісін салуға ниетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Түркияның жетекші логистикалық компанияларының бірі – «S Sistem Lojistik» басқарма төрағасы Хүсейин Барлинмен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде жалпы құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи логистикалық және қойма терминалдары желісін салу мәселелері талқыланды. Нысандарды орналастыру үшін басым алаңдар ретінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және басқа да ірі орталықтар қарастырылуда.

Тараптар сондай-ақ инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісім жасасу мүмкіндігін талқылады. Бұл құжаттар мемлекеттік қолдау шараларын, салықтық преференцияларды және инфрақұрылымдық сүйемелдеуді қарастырады.

Ғ.Оспанқұлов жоспарланған жобалардың елдің көлік және логистикалық әлеуетін дамыту үшін маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде Қазақстан логистикалық инфрақұрылымын белсенді дамыту кезеңінде тұр. «S Sistem Lojistik» компаниясының ұсынып отырған жобалары ішкі және транзиттік тасымалдарды тиімді ету үшін аса маңызды. Біз логистиканы инвестиция тартудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз, әсіресе экономиканы әртараптандыру және Қазақстанның Еуразиядағы көлік хабы ретіндегі рөлін нығайту тұрғысынан. Өз тарапымыздан біз жобаны жан-жақты қолдауға, жер учаскелерін бөлу, мемлекеттік қолдау шараларына қосылу, сондай-ақ өңірлік әкімдіктермен және салалық органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге дайынбыз. Ынтымақтастық логистика мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы табысты серіктестіктің үлгісі болады деп сенемін».

Өз кезегінде Х.Барлин Қазақстанға стратегиялық бағыт ретінде үлкен қызығушылық танытты. Оның айтуынша, ел бірегей транзиттік әлеуетке және логистикалық жобаларды дамытуға қолайлы инвестициялық ортаға ие. «S Sistem Lojistik» халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды іске асыруды және ел ішінде де, шет елдерде де жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылым құруды жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс координациясын жалғастыруға және тиісті мемлекеттік институттармен, өңірлік әкімдіктермен өзара әрекеттесуге келісті. Қазақстан тарапы бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мүдделілік танытып, оның логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасына қосымша инвестициялар тартуға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды