Қазақстан–Швейцария іскерлік кеңесіне 25-тен аса швейцариялық компания қатысты

Жаңалықтар
28.11.2025, 16:00
Фото Александра Жабчука

Қазақстан астанасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Штадлер Қазақстан» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан – Швейцария іскерлік кеңесінің (ҚШІК) бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Іс-шара Швейцарияның экономика, білім және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Ги Пармелен мырзаның ресми сапары аясында өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және Stadler Rail Group Директорлар кеңесінің төрағасы Питер Шпулер отырыстың тең төрағалары болды. 

Кеңес жұмысына ABB, Kühne + Nagel, Constellium-ды қоса алғанда швейцариялық 25 астам жетекші компанияларының, соның ішінде, сондай-ақ Swissmem, JCC және Economiesuisse салалық ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстандық тараптан негізгі ұлттық компаниялар мен салалық бірлестіктер қатысты.

Отырыс барысында машина жасау, ядролық энергетика, логистика, сауда және өнеркәсіп салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған алты келісімге қол қойылды.

ҚШІК шеңберінде қол қойылған келісімдер:

1.      Стратегиялық әріптестікті жалғастыру туралы меморандум

Қазақстан: «ҚТЖ» ҰК» АҚ

Швейцария: Stadler Rail Group

2.      Қазақстандағы Stadler теміржол көлігі өндірісін дамытуға инвестициялар туралы келісім

Қазақстан: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Швейцария: «Штадлер Қазақстан» ЖШС

3.      Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум

Қазақстан: Ұлттық ядролық орталық

Швейцария: Nagra 

4.      Ынтымақтастық туралы келісім

Қазақстан: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ

Швейцария: Switzerland Global Enterprise (S-GE)

5.      Машина жасаудағы өзара іс-қимыл туралы меморандум

Қазақстан: Қазақстан машина жасаушылар одағы

Швейцария: Swissmem

6.      Ынтымақтастық туралы меморандум

Қазақстан: Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI)

Швейцария: Burckhardt Compression AG 

7.      Өзара түсіністік туралы меморандум

Қазақстан: Қазақстанның сыртқы сауда палатасы

Швейцария: Joint Chamber of Commerce

Сапар аясында Ги Пармелен мен швейцариялық делегация өкілдері «Штадлер Қазақстан» ЖШС өндірістік алаңына барды. Қонақтар өндірістік процестермен танысып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ үшін дайындалған купе және плацкарт вагондарын көрді.

Отандық өндірістің алғашқы вагондары «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға осы жылдың желтоқсан айында беріледі. Бұдан басқа, Stadler Kazakhstan 20 жыл бойы жылжымалы құрамға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Жалпы тапсырыс 2030 жылға дейін 557 вагон шығаруды көздейді.

Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесі (ҚШІК) 2013 жылы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамыту үшін құрылған. 13 жылдан астам жұмыс барысында Кеңес инвестициялар мен бірлескен жобаларға ықпал ете отырып, Қазақстан мен Швейцарияның жетекші компанияларын біріктіреді. Алдыңғы кездесу 2021 жылы Женевада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында өтті, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler стратегиялық серіктестігі басталды, ал екі жылдан кейін Астанада Stadler Kazakhstan өндірістік алаңы ашылды. 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті