Бұл атақты ПМС Шу...
Қазақстанда ең ірі темір жол торабының бірінен саналатын Шу станциясында шоғырланған кәсіпорындар мен мекемелердің қатарында Жол машиналары станциясының жөні бөлек.
Жол салудың шебері атанған отандық компания «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің филиалы – «ЖМС Бірлік» кәсіпорны былайғы жұртқа «ПМС Шу» деген атаумен кеңінен таныс. Тарихқа үңілсек, бұл байырғы темір жол кәсіпорынының негізі 1944 жылы қаланып, әу баста Украинаның Дарцина қаласында өз жұмысын бастаған екен. 1972 жылы Шуға қоныс аударып, Бірлік ауылынан тұрақ тапқан. Басты міндеті – күрделі және орташа жол жөндеу, жаңа жол құрылысын салу. Содан бергі жарты ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан темір жолында ПМС Шу жұмысшыларының қолы тимеген, техникасы бармаған түкпір қалмаған десек артық болмас.
Бүгінгі күні кәсіпорынды «Теміржол жөндеу» ЖШС құрамында батыс айақтағы жолдарды салуда тамаша тәжірибе жинаған маман Сәкен Маратұлы Рахметов басқарып отыр. Ірі кәсіпорында бес цех: механикалық, құрылыс, буын құрастыру базасы, ауыр жүк машиналар цехы және әкімшілік басқарушы қызметкерлер бөлімі бар. Ауыр жүк машиналарының үлкен паркінде: LW 500F жүк тиегіш, TV 320 шебень-тас кесу, ЭЛБ-4 жол түзеу машиналары, КДКК-10 краны, хоппер-дозаторлық (ХДВ) және автокөліктер мен тракторлар бар, жалпы саны – 75 техника түрі шоғырланған.
Қазіргі таңда олар Шу – Алматы-1 бағытындағы екінші темір жол телімін салуға атсалысуда. Оның арақашықтығы 60 шақырымды құрайды. Тамыз айының алғашқы онкүндігінде жол салу басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында толықтай аяқтау жоспарлануда. Тамыздың бел ортасы ауса да, ми қайнатар ыстықта бір сәт те тыным алмастан темірдей шыныққан құрыш білекті жігіттер еңбек көрігін қыздырып жатыр.
– Қазір салада жаңалық көп. Бұрындары темір жолдың астына ағаш шпал төселетін болса, бұл күні темір-бетонды шпал жасалуда. Мұның шыдамдылығы 5-6 жылға дейін жетеді. Ол өзіміздің Қазақстанда шығарылатын өнім, ал оны бекітетін құрал Германиядан әкелінеді, – дейді шпалдарды тігіп жатқан жұмысшыларға көмектесіп жатқан өндірістік база жетекшісі Біржан Тұрсымбеков.
Арсен БАЙЗАҚ, Шу
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды