ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады

«Keruen Express» туристік пойызының кезекті сапары аяқталуға жақын. Бұл рейс теміржол туризмін дамыту аясында ұйымдастырылған 18-ші туристік пойыз болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба іске қосылғаннан бері бүгінгі күнге дейін туристік пойыздармен 2 300-ден астам жолаушы, оның ішінде түрлі елдерден келген туристер саяхаттады. Осы уақыт ішінде теміржол саяхаттарының географиясы айтарлықтай кеңейді.

«Туристік пойыздар Қазақстанды Өзбекстан, Тәжікстан және Қытаймен байланыстыратын халықаралық бағыттар бойынша қатынады. Туристік пойыздардың басым бөлігі Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұйымдастырылып, сапар бағдарламасына Алматы, Түркістан, Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалалары кірді. Қытайдан келетін туристер ағынын дамытуға бағытталған Сиань – Алматы бағыты да жеке туристік маршрут ретінде іске қосылды»,– деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Сондай-ақ, жоба аясында «Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы бірден үш мемлекетті – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырды. Оның бағыты Алматы, Түркістан, Самарқанд, Бұхара, Душанбе және Ташкент қалалары арқылы өтті.

Бүгінде туристік пойыздар Орталық Азия бойынша саяхаттаудың жеке бір форматына айналып келеді. Олардың жолаушылары қатарында Қазақстан тұрғындарымен бірге өңірдің тарихымен, мәдениетімен, ұлттық дәстүрлерімен және көрікті жерлерімен танысуға қызығушылық танытқан шетелдік туристер де бар.

Мұндай формат бір сапар аясында бірнеше қала мен елді аралауға мүмкіндік береді. Теміржол саяхаты экскурсиялық бағдарламалармен, тарихи-мәдени нысандарды аралаумен және ұйымдастырылған трансферлермен ұштасады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ серіктестерімен бірлесіп, теміржол туризмін дамыту және бағыттар географиясын кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Биылғы жылдың қазан айында халықаралық теміржол саяхаттары сериясын жалғастыратын келесі «Keruen Express» туристік пойызын ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

Бағдарлама мен қатысу шарттары туралы толық ақпаратты туристік агенттіктің нөмірі +7 747 040 7405 арқылы алуға болады.

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?