Түркияда TХКБ учаскесі жаңғыртылуда

Әлемде
12.12.2024, 11:18
Оқуға 2 мин
Фото: IHA
Қазақстан теміржолшысы

TХКБ-нің  түрік бөлігін жаңғырту теміржолдың өткізу қабілетін арттырып, экологияны жақсарта түспек, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Railway Supply порталының жазуынша, Дүниежүзілік банк TХКБ-нің негізгі сегменті Карс-Дивриги желісін жаңғыртуға 660 миллион доллар бөлді. Бұл жоба өткізу қабілеттілігін жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін арттырып, аймақтың логистикасын жақсартады.

Бастаманы жүзеге асыруға қосымша қаражатты Ислам даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі бөледі. Модернизацияның жалпы құны 800 миллион долларды құрайды, ұзындығы 660 км болатын Карс-Дивриги желісі Сивас, Эрзинджан және Эрзурум провинциялары арқылы өтеді.

TХКБ түрік учаскесін жаңғыртудың экологияға оң әсері

Жоба дизельді тартқышты электрге көшіруді қарастырады, бұл 2030 жылға қарай көміртегі шығарындыларын 72,3 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. 2060 жылға қарай қысқарту жыл сайын 245 мың тоннаны құрамақ.

Бүгінгі таңда Түркиядағы жүк тасымалының 95%-ы зиянды шығарындының 50%-дан астамы автомобиль көліктеріне тиесілі. Желіні жаңғырту теміржолға жүк ағындарын қайта бөлуге, экологиялық жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Әлеуметтік-экономикалық даму

Бұл бастама 600 мыңнан астам іргелес облыстардың тұрғындарын қамтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Заманауи инфрақұрылым көлік қызметтеріне қолжетімділікті жақсартады және өмір сүру деңгейін көтереді.

Жоба Түркияның халықаралық аренадағы орнын нығайтып, елді жаһандық логистиканың маңызды буынына айналдырады. Карс-Дивриги желісі Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны байланыстыратын бағыттың негізгі бөлігіне айналмақ.

TХКБ түрік бөлігін жаңғырту қоршаған ортаны жақсартуға және көліктің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық шешім болып табылады. Түркия инфрақұрылымдық жобаларға белсенді түрде инвестиция салуды жалғастыруда.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды