Үндістанда сутекті пойыз сынақтан сәтті өтті

Әлемде
04.08.2025, 08:59
Оқуға 2 мин

Үндістанда сутекпен жүретін пойыз сәтті сынақтан өтті. Бұл оқиға экологиялық таза технологияларға көшу және тұрақты көлік жүйесін дамыту стратегиясының маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ченнай қаласындағы ICF зауытында мамандар Indian Railways үшін құрастырылған сутекті пойызды сынақтан өткізді. Тексеру барысында тарту және қосалқы жүйелер, сондай-ақ басқару компоненттері сыналды.

Жобаны үнділік Medha Servo Drives компаниясы басқарды. Ол канадалық Ballard Power Systems компаниясымен әріптестік орнатып, қуаттылығы 100 кВт болатын сутекті отын элементтерін жеткізді.

10 вагоннан тұратын пойыз екі моторлы секциямен жабдықталады. Жалпы қуаты – 1200 ат күші, ал жолаушылар сыйымдылығы 2600 адамнан асады.

Сынақ нәтижелері пойыздың болашақ бағыттарға техникалық дайындығын растады. Әзірге пойыз жолаушылар тасымалын бастамағанымен, билік оны жүргізетін басым маршруттарды анықтап қойды.

Үндістанның көлік министрі Ашвини Вайшнавтың айтуынша, алғашқы сутекті пойыз 2027 жылы Харьяна штатындағы Сонипат – Джинд бағыты бойынша жүреді. Бұл бағыттың ұзындығы – 89 шақырым.

Үндістан 35 сутекті пойыз жасауға 340 миллион доллар, ал жанармай құю инфрақұрылымын дамытуға 73 миллион доллар бөлді. Бір пойыздың құны 9,2 миллион доллар, ал бір маршрутты жабдықтау 8 миллион долларға түседі.

2024 жылғы қазанда GreenH Electrolysis компаниясы протоналмасу мембранасы бар электролизерді таныстырды. Бұл құрылғы тәулігіне 430 кг сутек өндіре алады, ол пойыздарды үзіліссіз жанармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үндістан билігі сутекті тартқышты көлік жүйесін жаңғыртудың маңызды бағыты деп есептейді. Сол себепті инвестициялар жалғасып жатыр, алдағы жылдары ел сутекті көлік (H2-мобильділік) саласында көшбасшы болуға ниетті.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды