Шілде айында Қытай темір жолдары тәулігіне 14 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған

Әлемде
06.08.2025, 10:28
Оқуға 1 мин
Фото: CGTN

Қытай темір жолдары (CR) 2025 жылдың шілде айында 441 миллион жолаушы тасымалдаған — бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға көп, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 14,213 миллион адамды құрады. Елдің ұлттық теміржол желісі бойынша күн сайын орта есеппен 11 416 жолаушылар пойызы жүрді — бұл 2024 жылдың шілде айымен салыстырғанда 9,3%-ға артық.

Жүктемесі жоғары жазғы теміржол маусымы 2025 жылғы 1 шілдеде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Жолаушылар белсенділігінің артуы еңбек демалысы, туристік сапарлар және студенттердің каникулымен байланысты.

Өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін CR ең танымал бағыттарда, атап айтқанда Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және басқа да мегаполистер арасында қосымша пойыздарды іске қосуда.

2025 жылдың шілде айында ұлттық теміржол желісі бойынша 266 туристік пойыз рейсі орындалды. Гуанчжоу — Шэньчжэнь — Гонконг жоғары жылдамдықты магистралі бойынша трансшекаралық жолаушылар тасымалының көлемі 2,794 миллион адамды, ал Қытай — Лаос темір жолымен — 18 мың адам болды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды