Зәңгезүр дәлізі Түркия арқылы жалғасады

Әлемде
03.09.2025, 16:00
Оқуға 2 мин
Фото: trthaber.com

Түркияда елдің теміржол желісін Әзербайжанның Нахчыван эксклавымен жалғайтын желінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа екі жолақты, электрлендірілген магистральдың ұзындығы 224 шақырымды құрайды. Ол Карс қаласынан Әзербайжан шекарасындағы Дилуджу бекетіне дейін созылады. Құрылысты Түркияның ірі инфрақұрылымдық холдингтерінің бірі – Kalyon Insaat жүргізеді.

Жұмыс таулы жерде өтетіндіктен, күрделі рельеф 24 туннель, 10 ірі көпір және көптеген ұсақ инфрақұрылым нысандарын салуды қажет етеді. Жобаның құны 2,4 млрд еуро деп бағалануда.

Бұл жобаның басталуы бірнеше рет кейінге шегерілген. 2022 жылдан бері Карс – Дилуджу теміржолы мемлекеттік инвестициялық бағдарламаға тұрақты түрде енгізіліп келді, алайда іс жүзінде ілгерілеу болмады. Жоба тек Әзербайжан мен Армения арасында Зәңгезүр дәлізін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізу мүмкіндігі туғаннан кейін белсенді кезеңге өтті. Бұл келіссөздерде АҚШ президенті Дональд Трамп ара ағайын болды.

Каспий стратегиялық зерттеулер институтының (КИСИ) сарапшысы Александр Караваевтың айтуынша, Карс – Дилуджу магистралі жылына 15 млн тоннаға дейін жүк өткізе алады. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай халықаралық Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің батыс тармағының есептік өткізу қабілетіне сәйкес келеді. Сарапшының пікірінше, бұл көлем аймақтың болашақтағы жүктемесіне сай.

Сонымен қатар, ол бағыт халықаралық еуразиялық тасымалдардың негізгі дәліздері (Қазақстан мен Ресей арқылы өтетін) аясында қосымша рөл атқарса да, Карс – Дилуджу жолы Әзербайжан – Армения – Түркия арасындағы субаймақтық ынтымақтастықтың маңызды элементіне айналып, тауар айналымын ұлғайтуға және аймақтағы қазіргі әрі болашақ өнеркәсіптік аймақтар арасындағы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды