Мексикада жүк пойызы автобуспен соқтығысты: 10 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды

Әлемде
10.09.2025, 08:51
Оқуға 1 мин

Мексикада жүк пойызы екі қабатты автобуспен соқтығысып, кемінде 10 адам қаза тапты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 60-тан астам жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқиға 8 қыркүйекте ел астанасының солтүстік-батысындағы Атлакомулько қаласына жақын тас жолдың өнеркәсіптік аймағында болған.

Алғашында қайғылы оқиғаның мән-жайы белгісіз болды. Алайда әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада автобустың көліктердің қалың ағынында теміржолға шығып қалған сәті көрсетілген. Дәл сол мезетте қатты жылдамдықпен келген пойыз автобустың бүйірінен соғып, оны қақ бөліп жіберген.

Мехико штатының азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, құтқару қызметтері қазір де апат орнында жұмыс істеп жатыр. Штат прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастаған. Белгілі болғандай, автобус «Эррадура-де-Плата» бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдаған.

Бас прокуратура нақтылағандай, қаза тапқандардың арасында 7 әйел мен 3 ер адам бар. Жараланғандар медициналық мекемелерде көмек алды: олардың бір бөлігі үйлеріне шығарылды, алайда бірнеше адам ауыр халде жатыр.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды