Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жазғы көмір тасымалы қарқын алуда

Жүк тасымалы
12.07.2022, 11:39
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жазғы көмір тасымалы қарқын алуда. Атқарылып жатқан кешенді шаралар бөлімше басшылығының тікелей назарында тұр.

Биылғы көмір тасымалы біршама күрделілік тудыруда. Себебі, ел шығысы Абай облысы болып екіге бөлінген соң қос облыстың басшылығымен бөлек жұмыс істеу қажет болып тұр. Бұл орайда семейлік теміржолшылар қысқа мерзім ішінде белгіленген жоспарлы шараларды уақытында орындауда. Атап айтсақ, қатты отынмен жылынатын семейліктер үшін 18 жылу көзі, оның ішінде 17 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 мекемесіне көмірді мерзімінде жеткізуде. Жалпы, 2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңдегі нормативтік пайдалану қоры бүгінгі күні 28 535,82 тонна көмірмен қамтамасыз етілген. Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін толық аяқталады деп күтілуде, көмір тасымалы өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде.  

– Бюджеттік ұйымдар мен тұрғындар үшін барлығы 273 252 тонна көмір қажет. Бүгінгі күні білім беру объектілері үшін 164,370 млн теңге сомасына 12 558 тонна көмір жеткізуге шарт жасалды. Денсаулық сақтау объектілерінің жылыту маусымына көмірдің қажеттілігі 9 864,7 мың теңге сомасына 695 тоннаны құрайды.

Ал, жеке сектордағы халыққа 65 мың тонна көмір жеткізілді, бұл жоспарланған 260 мың тоннаның 25% құрайды, – дейді бұл орайда бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары. 

– Қазіргі таңда екі облыс басшылығымен қатар жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бір мәселе айқын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан басқа ешкім әлеуметтік көмірді тасымалдаумен көлемді түрде айналыспайды. 

Қазіргі таңдағы көмір тиеу мен жеткізу ісінде «Қазтеміртранс» компаниясы вагондарының үлесі 80 пайызды құрайды. Жалпы, бұл бағыттағы барлық жұмыстар тікелей менің қадағалауымда тұр, көмір тасымалдауда еш кешеуілдеу жоқ, – дейді бөлімше басшысы Владимир Владимирович. Қазіргі таңда теміржолшылар жеткізген әлеуметтік көмірлер бірқатар көмір тұйықтарында, атап айтсақ, «Жігер» ЖШС, «Семей Көмір» ЖШС-де сатылып жатыр. Яғни, теміржол тұйығының басынан тиеп, үйге дейін жеткізіп беретін автокөлік қызметтерін қоса есепке алғанда көмірдің құны тоннасына 11 500 теңгені құрайды. Бұл – республика бойынша ең арзан отын. 

Теміржолшылар 1 тамызға дейінгі мерзімде халықтың 70%-ын көмірмен қамтамасыз етуді межелеп отыр. Бұл дегеніміз – алдағы 20 күн ішінде 182 мың тонна көмір жеткізілуі керек деген сөз. Осы ретте жергілікті атқарушы билік өкілдері көмір жеткізу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Яғни, Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының халқын қара күзде орын алатын «көмір безгегіне» жол бермеу үшін көмірді алдын ала сатып алуға шақыруға ден қоюда. Насихат жұмыстары қазіргі күннің өзінде әлеуметтік желі арқылы белсенді жүргізілуде. 

Қысқасы, аймақта көмір тасымалы ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Вагон саны жеткілікті. Дегелең станциясынан тәулігіне ең кемі төрт пойыз құрастырылып, тұрақты түрде жолға шығарылады.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?