Алтынкөл станциясы бойынша ҚХР-дан тәулігіне 14 пойыз қабылданады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Станцияда үш қайта тиеу терминалы: "KTZE-Khorgos Gateway" ЖШС, Еуротранзит және "Кедентранссервис"АҚ жұмыс істейді. Терминалдар штаттық режимде, тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Олар жүк көтергіш, көпір крандарымен, автокрандармен және қайта тиеу техникасымен (контейнерлермен жұмыс істеуге арналған ричстакер – тиегіштер) жабдықталған, барлығы жарамды күйде.