«Жетіген» терминалы бір сәтте 8 мың контейнерді сақтауға қауқарлы

Жүк тасымалы
14.06.2023, 14:17
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

 «Жетіген» көлік-логистикалық орталығының техникалық директоры Әнуар Мұсаев бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу барысында орталықтың қазіргі атқарып жатқан қызметі жайлы айтып берді.

«Жетіген» көлік-логистикалық орталығы Алматы облысындағы Жетіген ауылы маңында орналасқан. Былтыр Алматы облысы бөлінгеннен кейін "Жетіген" көлік-логистикалық орталығын құру жобасы қолға алынған болатын. Нысан "ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жолдар желісі бойынша Қытаймен Халықаралық шекараға жақын орналасуының арқасында жүк тасымалы үшін неғұрлым тиімді көліктік және логистикалық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге қабілетті.

Әнуар Мұсаевтың айтуынша, қазір орталық құрылысының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Логистикалық терминалда қазіргі сәтте 6 шақырымды темір жол желісі тартылып, іске қосылған. Құрылыстың екінші кезеңі бойынша тағы 7 шақырымды темір жол желісі тартылады.  

Сондай-ақ терминал аумағында 5 мың шаршы метрді құрайтын жүктерді уақытша сақтау қоймасы бар. Кәсіпорынның басымдығы Қазақстанның басқа өңірлері мен жақын маңдағы ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдері үшін қолжетімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Осылайша, "Жетіген" көлік-логистикалық орталығы экономиканың дамуына және Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ете отырып, өңірлік және халықаралық көлік қатынасында маңызды рөл атқарады.

«Терминалды дамыту бағдарында «А» классты қоймалар салу жоспарланған. Сондай-ақ Еуропалық барлық стандарттарға сай келетін тиеу/түсіру кешені салынады. Қазір терминал бір сәтте 8 мың контейнерді сақтауға қауқарлы. 2024 жылы Индустриялды аймақ ретінде терминалға тағы 10 гектар жер телімі бөлінбек. Ол жерде минералды тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу іске асырылады», – дейді Ә.Мұсаев.  

Терминал осы жылдың 2 мауысымында ашылған, қазір 100-ге жуық контейнер қойылған, алайда олардың барлығы бос. Әзірге терминал уақытша сақтау қоймасы ретінде  қолданылуда.  

«Бүгін біз 60-қа жуық контейнерді тиеп, жолға аттандырамыз. Біз жүктерін сақтақтағысы келетіндердің барлығына қызмет көрсетеміз, яғни жабық және ашық қоймаларды ұсына аламыз», – деп атап өтті директор.  

Терминалдың алғашқы кезеңі бойынша 100 адам жұмыспен қамтылса, кешен құрылысы толық аяқталғанда 300-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл осы елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инвестициялық тартымдылығына оң әсер ететіні сөзсіз.  

Аталған терминал Қытайдан Шығыс Еуропа бағытындағы транзиттердің барлығына қызмет көрсетеді. Кешен толық аяқталған соң жылына 100 мың контейнерді өңдей алады. Терминал тұрмыстық техника, ауыл шаруашылық өнімдері, автокөлік, қара металл және басқа тауар түрлерін сақтап, жеткізбек.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті