Абай облысынада астық тасымалы қарқын алды

Жүк тасымалы
09.11.2023, 12:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталды. Осыған орай бүгінгі таңда барлық өңірде астық дақылдары, ауылшаруашылық маңыздағы жүктер тасымалы қарқын алған. Астық өнімдері негізінен контейнерлік вагондармен тасымалданатындықтан, соңғы айда жүк жөнелтудің осы түрі бойынша көрсеткіштер көлемі күрт артып отыр.

Ел шығысында да логистика саласындағы жұмыс қарбаласқа толы. Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша тиелініп-түсірілетін жүктер арасында бір ғана астық тасымалының өзі көмір және түсті металдан кейінгі үшінші орынға көтерілді. Биыл аймақ көлемінде жылдық қуаттылығы 180 мың тонна астық өңдей алатын 7 лицензияланған кәсіпорын жұмыс істеуде. Яғни бұрынғы жылдарға қарағанда тапсырыс көлемі артқан. Бұл кәсіпорындарға қараша айының 1 күнгі көрсеткішке сүйенсек, 45 830 тоннаның астығы жеткізілген. Осылайша бөлімше бойынша жабық контейнерлермен тасымалданатын сусымалы өнімдерді уақыт оздырмай дер кезінде діттеген жерге жеткізу міндеті күн тақырыбына көтерілген. Сондықтан вагондар тапшылығын болдырмау мақсатындағы жұмыстар күн тәртібіне шығып отыр. Бөлімшенің барлық жүк станциялары басшыларына бірінші кезекте вагондарды ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге жұмылдыру, келіп түскен тапсырыстарды бір тәулік ішінде қарау тапсырылған. Ол үшін сәйкесінше тәулік бойы кезекшілік белгіленді.

Қазіргі таңда бір ғана бидай тасымалының апталық көрсеткіші бес мың тоннадан асып отыр. Оның сыртында Ауыл, Белағаш, Аягөз, Шемонайха, Жаңа-Семей және Семей сынды тораптық жүк станцияларынан тиелінетін күнбағыс пен рапс сынды майлы дақылдар тағы бар. Бұл орайда бөлімшедегі контейнерлік тасымал аптасына төрт мың тоннаны құрап отыр.  

– Қазіргі таңда станциялар бойынша жүк тиеу, түсіру мен жеткізуде кедергі жоқ. Вагондар жеткілікті. Астық тасымалында қолданыста жабық хоппер вагондар бар. Сусымалы тауарлар тасымалындағы барлық техникалық процестер жіті қадағалауда, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің аға инженері Айтолқын Мұхамедиярова.  

Сонымен қатар бөлімше директорының логистика бойынша орынбасары Талғат Зиядановтың басшылығымен бірқатар ілкімді шаралар қабылданған. Атап айтсақ, тәуліктік вагон айналымы, тәуліктік жүк тиеу мен түсіру процесі, яғни логистика және коммерциялық жүк тасымалына қатысты жүргізіліп жатқан шаралар арнайы есепке алынып, межелі істер жиын барысында талқыланады.  

Атқарылып жатқан жұмыстар Семей ЖТ бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Алмас Сейсемқановтың назарында тұр.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды