Қостанай өңірінен темір жолмен астық тасымалдау 20%-ға артты

Жүк тасымалы
17.09.2025, 09:42

Қостанайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астық штабының экспортқа және ел ішінде биылғы егіннің астығын тасымалдауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Штаб жұмысына ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Астық Транс» АҚ, әкімдіктердің, ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтердің, көлік прокуратурасының, мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ экспорттаушылар мен астық компаниялары қатысты.

Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша (2024 жылғы мамыр – 2025 жылғы қыркүйек) Қостанай өңірінен 3,2 млн тонна астық тиелді, бұл өткен кезең көрсеткішінен 20% артық. Экспорттық тасымалдар 24% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Құрама жем бойынша да айтарлықтай өсім байқалды: тасымалдау көлемі 96% ұлғайып, 1,3 млн тоннаға жетті, оның 1,2 млн тоннасы экспортқа бағытталды.

Отырысқа қатысушылар жылжымалы құраммен қамтамасыз ету, құжаттарды жедел ресімдеу, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды сақтау мәселелерін талқылады. Үздіксіз логистика үшін элеваторлармен өзара әрекеттесуге ерекше назар аударылады.

Жүк жөнелтушілерге астықты уақтылы жеткізуге, вагондардың тоқтап қалуын қысқартуға және ішкі нарыққа да, шетелге де тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар қабылдау ұсынылды.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда