Көлік министрлігі астық тасымалы бойынша Жедел штаб отырысын өткізді

Жүк тасымалы
04.05.2026, 08:38
Оқуға 1 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, тасымалдаушылармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, астық тасымалы мәселелері бойынша Жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырыс барысында астық тасымалы саласындағы ағымдағы жағдай қаралып, тасымалдауды тұрақты әрі үздіксіз ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған келісілген жедел шаралар қабылданды.

«2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша астық тасымалы көлемі 4,1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артқаны байқалуда. Экспорттық тасымалдар 3,2 млн тоннаға (+18%), ал ішкі тасымалдар 0,9 млн тоннаға (+8%) жетті», - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Орталық Азия елдері бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді — 48%-ға артып, 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде Өзбекстан бағытына 1,5 млн тонна жөнелтілді.

Ресей Федерациясы бағытына және оның аумағы арқылы тасымал көлемі 512 мың тоннаны құрады.

Ауғанстан бағыты бойынша тасымал 4,2 есеге өсіп, 302 мың тоннаға жетті.

Қытай бағытына жемдік ұн жеткізу көлемі 2 есеге артып, 1 млн тоннаға жетті.

Жедел штабтың жұмысы тасымалдау үдерісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және нарық қатысушыларының іс-қимылын үйлестіру мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды